«Екеуміз екі жаққа ыдырадық» – Олжас Абай Қайрат Нұртаспен арадағы жағдайды айтты
Белгілі актер, әнші Олжас Абай эстрада жұлдызы Қайрат Нұртаспен арадағы жағдай туралы сұраққа жауап берді.

Актердің айтуынша, ол әншімен әлі күнге дейін дос. Тек бұлар шығармашылық жағынан ажырап қалыпты.
«Қайраттың өнерін біз бір-бірімізді білмей тұрған кезде де бағалайтынмын. Кейін бірге жүрдік, дос болдық. Осы әнді («Тау адам» – ред.) жарыққа шығардық. Тағы да бірнеше туындыларымыз болған. Мен кино саласында болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Өйткені эстрада жанры мені көптеген өзгерістерге алып келді. Ән айту, тез ақша келу, кету деген сияқты... Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз екі жаққа сәл ыдырадық. Мен өзімнің киноммен, актерлығыммен айналысып кеттім», – деді Олжас Абай DS'Show бағдарламасында.
Ол оқыған мамандығы киноактер екенін айтты. Әншілік те өзіне жақын екенін жасырмайды. Бірақ бұл өнер Олжас Абайдың негізгі мамандығына кедергі жасайтын көрінеді.
«Әншілік көбінде түнде ұйқтатпайды. Өйткені тойлар көп болады. Күн тәртібің бұзылады. Сені мақтайды «уау, жарайсың, кереметсің» деп. Сосын «фішік»... (мойнын «сойып» көрсетеді)», – деді ол.
