Мазмұнға өту
Обложка сообщества Алматы қаласы

Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады.

undefined

Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген:

✅ 13 мамыр - 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады
✅ 13-31 мамыр аралығында - «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады
✅ ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейді

12 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. “Медеу-Шымбұлақ” автожолы дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ге дейін және 18:00-ден кейін ашық болады. Жексенбі күні шектеусіз жұмыс істейді.

Туристердің жаяу жорықтарына шектеу жоқ.

0
0
1929

Осы тақырып бойынша