Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының Алматыдағы келіссөзі аяқталды

Бүгін Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды.

undefined

Дипломаттардың айтуынша, Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектесті.

"Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады", - делінген ресми хабарламада.

Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті.

"Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті", - делінген хабарламада.

Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары қазақстандық әріптесіне республика ұсынған келіссөз алаңы үшін алғысын білдірді.


sputnik.kz

0
0
423

Осы тақырып бойынша

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының Алматыдағы... - Yvision.kz