Словакия премьерінің қастандықтан кейінгі жағдайы туралы ақпарат екіұшты болып тұр
Кеше қастандыққа ұшыраған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға ота жасалды. Бірақ оның жағдайына қатысты ақпарат екіұшты айтылуда.Фото: AP / Словакия премьер-министрі Роберт ФицоАлдында 59 жастағы Фицоға үш сағат бойы операция жасалғаны, оның ішке қан кетуін тоқтата алмай, жасанды комаға түсірілгені хабарланған еді. «Премьер-министр ауыр халде жатыр. Өміріне қауіп төніп тұр. Әлі ота бөлмесінде жатыр», – деген еді ішкі істер министрі Матус Сутай Эсток ауруханада.Алайда вице-премьер Томаш Тараба BBC эфирі арқылы дәрігерлердің ем-дом шараларын жақсы жасағанын, Фицоның өміріне еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.«Менің білуімше, ота сәтті жасалды. Ол жазылып кетеді деп ойлаймын», – деді Тараба.Роберт Фицоға сәрсенбі күні Гандлова қаласында үкіметтің көшпелі отырысынан кейін қастандық жасалған ед…

