Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Словакия премьерінің қастандықтан кейінгі жағдайы туралы ақпарат екіұшты болып тұр

Кеше қастандыққа ұшыраған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға ота жасалды. Бірақ оның жағдайына қатысты ақпарат екіұшты айтылуда.

undefined

Фото: AP / Словакия премьер-министрі Роберт Фицо

Алдында 59 жастағы Фицоға үш сағат бойы операция жасалғаны, оның ішке қан кетуін тоқтата алмай, жасанды комаға түсірілгені хабарланған еді.

«Премьер-министр ауыр халде жатыр. Өміріне қауіп төніп тұр. Әлі ота бөлмесінде жатыр», – деген еді ішкі істер министрі Матус Сутай Эсток ауруханада.

Алайда вице-премьер Томаш Тараба BBC эфирі арқылы дәрігерлердің ем-дом шараларын жақсы жасағанын, Фицоның өміріне еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

«Менің білуімше, ота сәтті жасалды. Ол жазылып кетеді деп ойлаймын», – деді Тараба.

Роберт Фицоға сәрсенбі күні Гандлова қаласында үкіметтің көшпелі отырысынан кейін қастандық жасалған еді. Премьер-министр жергілікті тұрғындарға жақындаған кезде бір ер адам оған бірнеше рет оқ атқан. Оқ Фицоның ішіне тиген.

undefined

Фото: Radovan Stoklasa / Reuters

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда оққағарлардың премьерді көлікке көтеріп апарып отырғызғаны, ал полицейлердің шабуыл жасаған адамды ұстап жатқаны көрініп тұр.

undefined

Фото: Reuters

Күдікті 71 жастағы әдебиетші әрі саяси белсенді болып шықты. Ол ұсталғаннан кейін мұндай қадамға ел үкіметінің саясатымен келіспейтіндіктен барғанын айтқан.

0
0
318

Осы тақырып бойынша

Словакия премьерінің қастандықтан кейінгі жағдайы... - Yvision.kz