ru
Qogam
Qogam
630 жазбалар5 тіркелуші
Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы
0

ДСМ: медициналық ЖОО-ларда маман даярлау сапасы төмен

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медициналық жоғары оқу орындарында кадрларды дайындау сапасының төмен екенін мәлімдеді.

undefined

Қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы аса өзекті мәселелердің бірі - медициналық ЖОО-ларда студенттер санының шамадан тыс көп болуы. ДСМ өкілдерінің айтуынша, бұл білім беру ресурстарының артық жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуі сияқты бірқатар теріс салдарға әкеп соғады.

"Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастыруда", - делінген ДСМ хабарламасында.

Бұл мәселе бүгін Министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.

Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылмақ.