Мазмұнға өту

Жаңа

Адам өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Түркиядан әкелінді

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды.2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағышұңқырға көмген.Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды. Ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.Содан екінші күдікті 2023 жылғы тамызда Түркияда ұсталды.Қазір ол Астанадағы тергеу қапасына қамауға алынған.Осы қылмыстарды жасағаны үшін м…

0
0
402

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
363

Павлодар әкімі мектептегі сұмдық жағдайға алып келген жайттарды атады

Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков қаладағы білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткізді. Ол №14 мектептегі оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен болуы мүмкін екенін мойындауға тура келетінін айтты.Хасар Қабылбеков жиыннан мынадай қорытынды шығарған:"Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі, білім беру мекемесі бұрын лаңкестік әрекетке осал нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер…

0
0
400

Автобуста болған қызық жағдай

(Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ)Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да:- Қашан отырдыңыз?- Басынан...- Студентсіз бе? Қыз:- Жоқ, 25-темін.- Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?!- Смс-пен жіберу үшін бағаналы теріп келе жатырмын, жүйеде қателік болып қабылдамай тұр. Тексеруші әйел:- Тәк, бойжеткен қыз, бұлай болмайды! Қане, түсейік... Айыппұл толтырасыз.- Жоқ, түспеймін. Менің не кінәм бар?! Жүйе дұрыс жұмыс істемей тұр. Істесе төлеймін қазір...- Олай болмайды, түсіңіз деймін. Бір-біріміздің уақтымызды алмайық!..- Түспеймін! Дәл осы кезде түрегеп тұрған қызға таяу орында отырған отыздар шамасындағы жігіт төлем тексеруші әйелге телефонын көрсетіп:- Міне, ол қыз үшін осы кез мен төлей салдым. Болды, қоя салыңыз... - деді. Дереу анау қыз…

0
0
292

Атырау облысында ауылды мол су қоршап тұр

Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының айналасындағы үйінді бөгеттің жоғарыдан түсірілген бейнекөрінісі.
Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша өткен тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 4 см-ге көтеріліп, 984 см болған.

t.me/qr_tjm

0
0
603

Мемлекет басшысы жаңа министрді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 6 мамырда тағайындалған Жаслан Мәдиевті қабылдады.Жаслан Мәдиев:ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:      – мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан;      – реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған;жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді;отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.Президент мемлек…

0
0
396

Талдықорғанда бүлдіршін пәтердің есігін ішінен іліп, қамалып қалған

Талдықорғанда төтенше жағдай қызметінің мамандары 4 жасар баланы құтқарды. 
undefined
Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін бесінші қабаттағы пәтерде қамалып қалады. 

"Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды. Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
494

ҚМДБ мешіттегі төбелестің видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Намазхандардың төбелесі, алдында жазылғанындай, Сарыағашта емес, Шымкенттегі мешітте 12 мамырда болыпты. Онда ақшам намазы оқылып жатқан.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) осы жағдайға байланысты мәлімдемесін баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жариялады. "Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде. Қазақстан мұсыл…

0
0
406

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер". Қала маңынан есек бордақылап, соятын орын табылды

Шымкентте есек бағып, оны тіпті бордақылап, соятын орын әшкере болған. Бұл туралы белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жазды.

undefined

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер. Сол арзан кәуаптан қорқа бастадым. Себебі Шымкентте жүз шақты есек бағып, бордақылап етін базарда сатқан есекші (малшы деген сияқты ғой) анықталыпты. Алайда арам еттен ақша тапқан азамат оны Шымкентке емес Қытайға өткіземін деп ақталған көрінеді. Мына ақпарат рас болса масқара. Қара жұмысқа жегілмеген жас қодықтың еті тіске жұмсақ болады деуші еді. Шымқаланың арзан әрі дәмді шашлыгы сол есектің етінен дайындалып жатқан жоқ па?" - деп жазады Диас Нұрақын.

0
0
317

Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды

15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады.

undefined

Фото: Kazpravda.kz

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Соған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.

0
0
356