Мазмұнға өту

Жаңа

«Атамекен» мен ҚМА бизнесті қорғау шаралары туралы келісімге келді

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) басшысы Дмитрий Малаховпен кездесу өткізді. Тараптар Ұлттық палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қабылдап жатқан шараларын, сондай-ақ бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мәселелерін талқылады.Райымбек Баталов ҚМА басшысына адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға жол бермеу бойынша жүйелі жұмысы үшін алғыс білдірді.«Атамекен» ҰКП «Бизнесті қорғау» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Басты мақсат – кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу және қызметтеріңізге деген сенім деңгейін арттыру. Шағымдарды қарау үшін бірлескен жұмыс тобы құрылып, өңірлік палаталардың алаңдарында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, оң пікірлер алынды. Нәтижесінде кәсіпкерлерге қатысты тіркелген істердің саны…

0
0
262

Топан судан зардап шеккен аймақтардың балалары жазда белсенді демалыспен қамтылады

Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады.Биыл 3 млн-нан аса баланы белсенді жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оқушылар үшін 10 мыңнан аса лагерь қызмет көрсетпек. Балаларға демалыстан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай түрлі танымдық шаралардың ұйымдастырылуы биылғы жаз мезгілінің басты өзгешелігі болмақ.Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемек. Одан бөлек, әр түрлі танымдық шаралар қарастырылып отыр. Мәселен, Атырау облысында «Kids university» жобасы шеңберінде балалар уақытша «студенттік билет» алып, бірнеше күн ерекше сабақтар арқылы ғылым әлеміне бойламақ.Орта сынып оқушылар…

0
0
297

Құмар ойын мен бәс тігуге қарсы іс-қимылға 81 млн теңгеге жуық қаржы бөлу көзделген

Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды.Фотоколлаж: egemen.kzКешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады:- құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар саны 350 000-нан 201 600 адамға дейін төмендейді: 2024 жылы – 35 000 (10%), 2025 жылы – 63 000 (20%), 2026 жылы – 50 400 (20 %);- мемлекет есебінен тегін емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту бойынша көмек алған, құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жылы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жылы – 300 адам;- бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын 4…

0
0
362

Қазақстан мен Германия түрлі салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Қазақстан мен Германия агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургия кешені, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұл туралы Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысында айтылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өткен жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қатысты. Сондай-ақ шараға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секілді Германияның жетекші компанияларының басшылары қатысты. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өзінің алғы сөзінде Германияның еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық…

0
0
297

Билік Қытаймен арадағы тауар айналымын 100 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады.Әңгімелесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Сонымен қатар ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру еліміз үшін маңызды басымдық саналады."Қазақcтан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен мәңгілік достығы ұдайы дамып келеді. Б…

0
0
262

Біз орыс тілін білсек, олар да өзбек тілін білуі керек – Алишер Қодиров

Жақында Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетіндер орыс тілін білуі керек деп мәлімдеген еді.Вячеслав Володин мен Алишер Қодиров Енді Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Қодиров Володинге жауап ретінде өз ұсынысын жеткізді. Ол өзбек тілін білмейтін адамды мемлекеттік қызметке жолатпау былай тұрсын, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайтындай қылу қажеттігін айтты.«Әрине, Ресейге жұмысқа баратындар орыс тілін білуі керек. Бірақ бұл Өзбекстанда тұратын орыстар өзбек тілін білмеуі керек деген сөз емес!Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың азаматтары өзбек тілін білуі қажет.Өзге ұлт өкілдерінің балабақша мен орта білім беруде ана тіліміз бен құндылықтарымызды меңгеруіне жағдай жасаумен қатар, заңымызда өзбек тілі міндетті түрде оқыт…

0
0
314

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет - Тоқаев

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев делегация басшыларына ілтипат білдіре отырып, Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі сыртқы және ішкі сын-қатерлер мен қауіптің алдын алу үшін күш-жігер біріктіретін, сондай-ақ оған қарсы тұруға қажетті шараларды әзірлейтін тиімді алаңға айналуы керек екенін атап өтті."Аймақтық ынтымақтастық барлық бағыт бойынша қарқынды дамуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – өте маңызды әрі оң үрдіс. Мемлекетаралық саяси диалог та мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Өңір елдері арасындағы өзара сауда-экономикалық ықпалдастық белсенді түрде кеңеюде. Соңғы бес жылда өңірішілік сауда-саттық көрсеткіші 80 пайыздан астам артып, 10 миллиард доллардан асқан. Б…

0
0
373

Азық-түлік корпорациясының департамент басшысы мен бас маманы сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды.Оларға кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деген айып тағылған болатын. Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас…

0
0
462

ШҚО-да бұрын сотталған адам бір тұрғыннан миллион теңге бопсалаған (видео)

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады.

undefined

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады.

Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37 жастағы бұрын сотталған тұрғынын 200 мың теңге алу кезінде ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның заңсыз ісін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қамауға алынған күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.


Polisia.kz

0
0
429

Жүрек елжіретер көрініс: Алматыда су арнасына түсіп кеткен ит құтқарылды (видео)

Алматыда Есентай өзенінің арнасына ит түсіп кеткен.

undefined

Әлеуметтік желіге Жансая Батырбек жүктеген бейнежазбада ағыны қатты судан шыға алмай жатқан итке жағада жүрген адамдардың назар аударып, оны құтқаруға талпынғаны байқалады.

Алдымен бір жігіт оны қасындағылардың демеуімен аяғына қыстырып алмақ болды. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпаған соң ол тағы қасындағылардың демеуімен басын суға төмен қаратып түсіруді жөн көреді. Сөйтіп, итті қолымен алып шығады.

"Бүгін Есентайда қыдырып жүріп, осындай көріністің куәсі болдым... Иттің қалай үргенін көрсеңіздер ғой. Ол қатты қорыққан сияқты. Өйткені су мұздай әрі ағысы қатты", - деп жазған Жансая Батырбек.

0
0
445