ru
Qogam
Qogam
630 жазбалар5 тіркелуші
Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы
0

«Оны әлден нете бастадым». Қарағанды әкіміне Қайрат Нұртас неге ұнамай қалды? (видео)

Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов қаладағы ретсіз жапсырылған жарнамалық плакаттарға шүйлікті.

undefined

Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасына аялдамада қалай болса солай ілінген жарнамалар мен хабарландыруларды көрсетіп тұрған видеосын жариялады. Сондай плакаттардың бірі әнші Қайрат Нұртастың концертінің анонсы еді. Бір қызығы, ол Қарағандыда тура бүгін өнер көрсетеді екен.

«Бұлар ғимараттарға, өткелдерге, аялдамаларға жапсыра салады. Олай болмауы керек. Мен Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдаған емеспін. Оны әлден... нете бастадым... Өйткені оның әдемі жүзі барлық жерде тұр. Келсін-келмесін іле берген. Барлық аялдамаға жапсырыпты», – деді әкім.