ru
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші
0

Түркістан облысында ер адам ғашығына ерегісіп, өзін өртеп жіберді

Түркістан облысында жұмыссыз тұрғын ғашығымен ұрсысып қалғаннан кейін өзін өртеп жіберді.

undefined

Сұмдық оқиға бүгін түнде Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында болған.

55 жастағы жұмыссыз ер адам өз үйінде ішіп отырыпты. Бір кезде бірге тұратын әйелмен арада жанжал шығады. Осыдан кейін ер адам канистрді алады да, ондағы бензинді үстіне құйып, өзін өртеп жібереді.

Ол ауруханаға жеткізілген. Денесінің 90 пайызын күйік шалыпты. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп отыр.


t.me/CentralMediaNews