ru
Qogam
Qogam
630 жазбалар5 тіркелуші
Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы
0

Алматыдағы Гагарин даңғылының жоғарғы бөлігінің атауы өзгереді

Алматы көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімдері берілмек.

undefined

Фото: yandex.ru/maps / Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен жоғары жағы

"Гагарин даңғылының тарихи бөлігі өзгеріссіз қалады. Әңгіме Төле би көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың бульварлық бөлігі туралы болып отыр", - делінген қалалық мәслихаттың ресми сайтындағы хабарламада.

Ал Юрий Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігін, яғни Климент Тимирязев көшесінен жоғары қарай Ермек Серкебаевтың есімімен атау жоспарланған. Бұдан өзге, Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконниковтың атын беру ұсынылып отыр.

Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атаусыз көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцевтің есімдері берілмек.