Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодарда ірі есірткі лабораториясы жойылды (видео)

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

undefined

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

0
0
371

Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау орталығына өте жоғары бағамен сатылып келген

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орта…

0
0
422

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді

Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді.Фото: © APСөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді. Бұл Иран тарихындағы 14-ші президент сайлауы болмақ.   Елде кезектен тыс президент сайлауы осы уақытқа дейінгі мемлекет басшысы Ибрахим Раисидің дүниеден өтуіне байланысты өткізілгелі жатқаны мәлім. Ол 19 мамырда Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында болған тікұшақ апатынан қаза тапты. Әуе кемесінде президентпен бірге сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұмалық имамы Мохаммад Али Але Хашем және президент күзетінің бастығы болған. Тіқұшақтағы жолаушыла…

0
0
468

ӘЧ-2024: Қазақстан өзінің соңғы матчында Польшаны жеңді

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасын тура алғашқы матчтағыдай есеппен жеңді.

undefined

Бұл Қазақстанның осы чемпионаттағы соңғы матчы еді. Есеп біздің хоккейшілердің пайдасына 3:1 болды.

Шайба салғандар - Никита Михайлис, Валерий Орехов және Роман Старченко.

Сонымен статистика мынадай:

0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:11
1:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:35
2:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:20
3:1 - Старченко - 54:25
Бұған дейін еліміздің құрамасы АҚШ (1:10), Германия (2:8), Швеция (1:3), Латвия (0:2) және Словакиядан (2:6) ұтылса, бірінші матчта Францияны (3:1) жеңді.

0
0
530

Елімізде интернет қымбаттайтын болды

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері 1 шілдеден бастап баға өсетінін мәлімдеді.

undefined

Фото: market-telecom.kz

Бүгін аталған компаниядағылар абоненттерге осыны ескертті.

Жаңа тариф мұрағат линейкасындағы 51 тарифке қатысты болып тұр. Онда ең төменгі тариф 5 499 теңге, ал ең қымбаты 10 999 теңге деп көрсетілген.  

Толық тізіммен «Қазақтелекомның» ресми сайтынан танысуға болады.

0
0
334

Үкімет басшысы әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездетуді тапсырды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарының барысы жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес өткізді. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша зардап шеккен өңірлердің әкімдері мен министрлердің баяндамасы тыңдалды. Еліміз су тасқынының қауіпті кезеңінен өтті. Қазіргі сәтте Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасып жатқан өңірдегі ахуал туралы баяндады. Жағалауларды нығайту бөгеттерінің бойында (ұзындығы 520 км-ден астам) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл ретте, Атырау облысының су тасқыны жағдайы тұрақты аудандарында зардаптарды жою…

0
0
337

Тоқаев: "Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді"

Президент Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Оның айтуынша, Қытайдың бастамалары жаһандық күн тәртібіне ықпал етеді және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосады. Мемлекет басшысы Қытайды тауар өндіру және экспорттау, технологиялық инновация, экономикалық өсім, халықаралық инвестиция және басқа да көптеген салада мойындалған көшбасшы ел ретінде атап өтті.Президент БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді."Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін…

0
0
351

Атырау облысында құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті

Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан жүкті әйелді аудан орталығына қайықпен алып барған.

undefined
Мамандардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде ауыл тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлеріне уақытылы жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда.

t.me/qr_tjm

0
0
557

Шардара су қоймасына құйылатын су мөлшері соңғы екі айда екі есеге артты

Қазақстан үшін мемлекетаралық деңгейде бекітілген лимиттер мен трансшекаралық су нысандары жұмысының болжамды режимі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының егіншілерін маусымда егіндік сумен ысырапсыз қамтамасыз етуге бағытталған.Фото: okg.kzӨзбекстан тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Шардара су қоймасының толу көрсеткіші биыл 300 млн м3-ке ұлғайтылды және 4,8 км3 деңгейінде қалды, мамыр айындағы орташа су ағыны 350 м3/с (2023 жылы 90 м3/с) құрады.Шардара су қоймасына сәуір-мамыр айларында барлығы 1,4 км3 су құйылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру лимиті 922 млн м3 көлемінде белгіленген.Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан биылғы шілде-тамыз айларына арналған «Бахри Точик» су қоймасының ж…

0
0
319

«Мені секс-құлдыққа сатпақ». Қазақстандық UFC ойыншысы мәлімдеме жасады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Мария Агапова АҚШ-та қиын жағдайда тап болыпты. Ол далада қалатын түрім бар деп отыр.  «Бір аптадан кейін үйсіз қалатын шығармын. Сіз таңғалдыңыз ба? Ал мен таңғалмадым. Бұл – менің Америкадағы классикалық өмірім. UFC жекпе-жегінің алдында үйсіз қалу. Бұл деген классика! Келесі аптада мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін. Өйткені адамдарға сенуден қалдым. Пәтер жалдауға ақшам болмағандықтан, енді көрінген жерде тұра беремін. Адамдар мені пайдаланып отыр. Олар менің жеке шекарамды, жеке өмірімді елеп-ескеріп жатқан жоқ. Тіпті сыртымнан мені секс-құлдыққа сатуға тырысуда. Пайдалануды емес, қол ұшын созуды көздейтін паналау орындарын, қайырымдылық ұйымдарын кім біледі? Маған жазып жіберіңіздерші. Флорида штаты», – деп жазды Мария Instagram-дағы сторизін…

0
0
534