Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды."Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науато…

0
0
449

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде осы сала өкілдері марапатталды

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.Президент, ең алдымен, шараға жиналғандарды 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады."Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы "Мәдениет тарихы – түптеп келгенде адамзат тарихы" деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі саналатынын жеткізді. Сонымен қатар ұлт руханиятын жаңғырту ісіне қатысты нақты шаралар қолға алынып жатқанын атап өтті."Былтыр Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжыр…

0
0
421

ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан аса шешімге қол қойылды

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды.

"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қатысты болды", - деді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Сондай-ақ жиында Беларусьті Ұйымға қабылдау жайы пысықталды. Бұл ел ШЫҰ-ға жақын арада кіруі тиіс.

Қазір ШЫҰ құрамында 9 мемлекет бар. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Ресей.

0
0
357

Су тасқыны болған аймақтарда 900-ге жуық жаңа үй салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді.Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды:- су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр;- қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр;- 20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған;- Солтүстік Қазақстан…

0
0
414

Атышулы "Айка тізімінің" авторы сотталды

Алматыда атышулы "Айка тізімінің" авторы, блогер Love Айкаға қатысты сот үкімі шықты.

undefined

Аталған "тізім" өткен жылдың желтоқсан айында елді шулатқан еді. Онда қымбат жезөкшелерге баратын адамдардың аты-жөндері жарияланған делінді.

Енді сол Мырзахметова немесе Love Айка сыбайласы Т. деген азаматпен бірге сотталды.

Айка заңсыз есірткі айналымы және жезөкшелер ордасын ұйымдастырғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Т. жезөкшелер ордасын ұстағаны үшін 3 жыл 8 айға сотталды.

Мырзахметова 2020-2023 жылдар аралығында Т-мен бірге қыздарды ақша үшін интимдік қызмет көрсетуге жұмсап отырған. Өздері содан пайыздық үлес алған.

Айка кінәсін ішінара ғана мойындап, сол ісіне өкінетінін айтты. Ал Т. кінәсін мойындаған жоқ.

t.me/CentralMediaNews

0
0
505

Тоқаев: "ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді.Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды."Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз «шанха…

0
0
355

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары емтихандардан босатылады

Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Фото: egemen.kzОқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті:- оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек;-- 7 704 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер;- биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі;- су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады;- ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады;- оқу жылын «Білімі…

0
0
463

Баланы қандай іс-шараларға тегін қатыстыруға болады?

Туризм және спорт министрлігі балалардың жазғы демалыс кезіндегі тегін іс-шаралар туралы хабарлады. Фото: magnolia.kz 500-ге жуық іс-шара жоспарланған:➤ кекушинкай каратэ, кикбоксинг, муай тай, грэпплинг, шахматтан чемпионаттарі;➤ футбол және мини-футболдан әуесқой командалар арасындағы ел чемпионаттары;➤ «Бурабай-2024» республикалық жартас фестивалі аясындағы балалар маршруттары;➤ «Ұлы дала жарысы» кедергілерді еңсеру сайысы; ➤ Спорт күніне арналған дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру шаралары; ➤ жалпы білім беретін мектептер арасында жыл сайын спорттың 10 түрінен ұлттық мектеп спорт лигаларының республикалық кезеңі; ➤ «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу жарыстары жалғасады;➤ асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату және қазақ күресі сияқты спо…

0
0
380

Елімізде 29 адам су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланған

29 адамның алтауы қамауға алынды.

undefined

Фото: pravlife.org

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қалғанына айыппұл салынды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында айтылған.

«БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жалған және қате ақпарат таратуға қатысты 41 дерек анықталды. Алтауы сол жалған ақпараттардың негізгі көзі болған. Ондай онлайн-платформалардың иелеріне заңға қайшы материалдарды жою жөнінде, сондай-ақ ІІМ-не адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру туралы хабарлама жіберілді», – дейді Үкімет басшысы.

0
0
403

Түркістан облысында шегірткеге қарсы дәрі алқаптарға дронмен себілуде

Түркістан облысында алқаптар ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен марокко шегірткелеріне қарсы өңделіп жатыр.

Қазірдің өзінде 252 мың гектар жер (93%) өңделді. Оның 1,4 мың гектарына арнайы дрондар қолданылды. Заманауи техника бір сағатта 18 гектар жерді қамти алады. Әуедегі жұмыс уақыты - 15-17 минут.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткемен күресу бойынша дәрі-дәрмек жеткізу мен сақтаудан бастап, өңдеуге дейінгі барлық қызмет түрлерін көрсететін мердігерлермен сөйлесті. Жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.
Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін сатып алуды орталықтандырылған бірыңғай жүйеге көшіру жоспарланған.

0
0
506