ӘЧ-2024: Чемпионатты жеңіспен бастаған біздің хоккейшілер енді жеңілістен көз ашар емес
Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды.

Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына үшінші голды сыйлады.
Қазақстан болса, қорғаушы Әділ Бекетаев салған бір шайбамен шектелді.
Сөйтіп, есеп Швецияның пайдасына 3:1 болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Францияны 3:1 есебімен жеңгенде, бөркімізді аспанға атып қуанып едік. Бірақ ол қуанышымыз ұзаққа бармады. Одан кейін Латвия (0:2) мен Словакиядан (2:6) ұтылып қалдық.
Қазақстанның алда үш матчы бар:
17 мамыр, 19:20
Германия - Қазақстан
19 мамыр, 19:20
АҚШ - Қазақстан
20 мамыр, 23:20
Қазақстан - Польша
