Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау орталығына өте жоғары бағамен сатылып келген

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.
Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

0
0
381

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау... - Yvision.kz