Мазмұнға өту

Жаңа

ӘЧ-2024: қазақстандық хоккейшілер АҚШ құрамасынан да ойсырай жеңілді

Мұның алдында біздің хоккейшілер Германиядан 2:8 есебімен ұтылған еді.

"Хоккейден ӘЧ-2024-те ең үлкен жеңіліс Германиядан болды деп ойладық-ау... Бірақ олай болмады. АҚШ-тан 1:10 есебімен ұтылдық. ӘЧ-2024-тегі соңғы матчымыз Польшамен өтеді. Ол 20 мамыр сағат 23:20-да басталады. Тіркеуімізді сақтап қалу үшін шайқасамыз. Қаламыз ба?" - деп жазған t.me/sportilinet.

Негізі, Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан жеңіспен әдемі бастап еді...

0
0
578

ҚХР Сыртқы істер министрі Қазақстанға келді

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И елімізге ресми сапармен келді.

undefined

Ван И Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және кеңейтілген форматта кездеспек. Онда екіжақта құжаттарға қол қойылуы тиіс.

Бұған дейін Астанаға Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров келген болатын.

Ертең елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.

0
0
382

Елімізде 143 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алған

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 143,3 мың адам болды. Фото: gov.kzБұл ретте биыл 89 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 25 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тірке…

0
0
365

Ақын Әмірхан Балқыбекке ескерткіш орнатылғалы жатыр

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өте шыққан қазақтың дарынды ақыны Әмірхан Балқыбек бауырым тірі болғанда бүгін 55 жасқа толар еді…Биыл дүниеге осындай ақынды әкелген аяулы анасы Тұрсын апайымыз да сүйікті ұлын іздеп, соңынан кете барды… Ақмаңдай Ақынды туған Ана жүрегі ақыры шыдамады… Ол кісінің нағашысы біздің рудан болғасын, мені “нағашы інімсің” деп жақсы көріп, бауыр тартып тұратын. Шардараға барғанда сәті түскенде, сәлем беруге үйіне бара қалсам, баладай қуанатын. Жақсы адам еді жарықтық! Ал Әмірханның әкесі Жұмабек көкеміз оқымаған кітабы жоқ, дала ғұламасы еді. Қазақ ақындарының, бәріміздің өлеңдерімізді өзімізге оқып бергенде, Әмірханның бойындағы телегей теңіз тереңдігінің тамыры қайда жатқанын түсінетін едік…Пейіште рухы шалқи бергей марқұмдардың…Әмірханның қазақтың көрнект…

0
0
365

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енді Мемлекет басшысының кеңесшісі болды. Фото: gov.kz"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  2009 жылы Тұрар Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.  Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық б…

0
0
262

Кеше болған тікұшақ апатынан Иран президенті мен сыртқы істер министрі қаза тапқан

Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді.

undefined

Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің сынықтары табылған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардың 60 тобы мен дрондар жұмылдырылды. Бірақ таулы жер мен қалың тұман бұл жұмысты қиындатып жіберді.

undefined

«Тікұшақ көрініп тұр. Оның жағдайы аса жақсы емес», - деді Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Артынан ол президент тікұшағында болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.

Кеше Ибрахим Раиси мінген әуе кемесінің жерге жайсыз қонғаны туралы жазғанбыз.

0
0
489

Иран президенті мінген тікұшақ қиын жағдайға ұшырады

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

undefined

Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да шенеуніктер мінген екі әуе көлігі межелі жерге аман-есен жетіпті. Ал Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиян отырған тікұшақ Әзербайжанда жерге өте жайсыз қонып қалған.

Осы оқиға болғанға дейін Раиси екі елдің шекарасында Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен кездескен. Онда жаңа "Худаферин" және "Гыз-Галасы" су тораптарының ашылу салтанаты өтті.

0
0
648

Жүргізушінің жүрегі ұстап қалған: Павлодарда автобус апатқа ұшырады

Павлодарда автобус жүргізушісінің жүрегі ұстап қалып, соның салдарынан жол апаты болды.

undefined

Фото: @tipavlo.dar

Қайғылы оқиға қаланың қақ ортасында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, тізгенге ие бола алмай қалады. Соның салдарынан автобус трамвай бағанасына барып соққан.

Жүргізуші жедел жәрдем каретасында қаза тауыпты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
432

Қытайда жойқын су тасқыны болып жатыр

Қытайда нөсер жауын жойқын тасқынға ұласты. 50 миллион тұрғыны бар Гуанси өңірін су алып кетті.

Кей аудандарда қызыл су көшелер мен үйлердің бірінші қабаттарын басып қалған.

Билік аталған аймақта ауа райы қаупінің "қызыл" деңгейін жариялады. Су басқан аудандардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

t.me/sputnikKZ

0
0
382

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" болжамы бойынша 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
undefined
Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі және Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

@qazaqstantv

0
0
669