Елімізде интернет қымбаттайтын болды
«Қазақтелеком» АҚ өкілдері 1 шілдеден бастап баға өсетінін мәлімдеді.

Фото: market-telecom.kz
Бүгін аталған компаниядағылар абоненттерге осыны ескертті.
Жаңа тариф мұрағат линейкасындағы 51 тарифке қатысты болып тұр. Онда ең төменгі тариф 5 499 теңге, ал ең қымбаты 10 999 теңге деп көрсетілген.
Толық тізіммен «Қазақтелекомның» ресми сайтынан танысуға болады.
