Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде 350-ден аса отбасы су тасқынынан қираған баспанасының орнына жер үй мен пәтер алды

Үкімет ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.Фото: aqtobegazeti.kzБүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтем…

0
0
496

ІІМ елімізде мал ұрлығы азайғанын мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және осы қылмыстың жолын кесу мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.Фотоколлаж: azh.kzПолиция жыл басынан бері мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты ұстаған. Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталыпты. Олардың жартысы темір торға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалаған. "Қылмыстың бұл түрімен күрес жолға қойылған. Өңірлерде түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі. Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып ал…

0
0
384

Құм, қиыршақтарды заңсыз алған кәсіпорындардың әрекеті әшкере болды

Ақтөбе облысында табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен құзырлы орган кең таралған пайдалы қазбаларды (құм, балшық, қиыршық тас сияқты негізінен құрылысқа қажет материалдар) өз бетімен алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушылардан келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыс жүргізді.Прокуратураның тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновациялық даму басқармасы жерүсті маркшейдерлік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде кәсіпорындардың өздеріне бөлінген аумақтардан тыс жерлерде пайдалы қазбаларды өндірудің 18 фактісін анықтады.Қабылданған шаралар бойынша 3 кәсіпорын жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық шығынды өз еркімен өтеді.Қазіргі таңда 4 кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам шығынды өндіру туралы сот шешімдері қабылданды.11 компанияға жалпы сомасы…

0
0
479

«Сәлем, 30!» Бүгін – Димаштың туған күні (видео)

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген бүгін 30 жасқа келді.Фото: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimashБүгінде Димашты күллі әлем таниды, әндерін сүйіп тыңдайды. Ол арқылы әлем қазақты тани түсті. Ол арқылы қазақтың тіліне ғашық болған шетелдіктер көп қазір.Димаш – әлем әншісі. Соған қарамастан ол өзінің қарапайым қалпын сақтап қалған. Бұл оның тамаша отбасында тәрбиленгенінен екені айдан анық.Ол ең алдымен атасы Құдайберген мен әжесі Миуаздың тәрбиесін көрген. Ол кісілер балалары мен немерелеріне, тіпті күллі қазаққа үлкен өнеге көрсетті. Екеуі де әдемі қартайып, 2018 жылы отау құрғанына 50 жыл толуын дүркіретіп той жасап атап өтті.Өкінішке қарай, Құдайберген Айтбаев былтар жазда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бірақ көңілге бір демеу нәрсе, ол немересінің о…

0
0
464

Түркістан облысында қаңлы дәуіріне тиесілі айна табылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің археология орталығы Түркістан облысының Ордабасы ауданы Қарааспан ауылдық округінің Төлебайтөбе қорымындағы 3 обаға қазба жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазба жұмыстар нәтижесінде зерттеушілер Қаңлы дәуіріне тиесілі Хань әулетінің айнасын тапқан. Әйел адамның қабірінен табылған қола айна жоғары дәрежеде бағаланып, оны ауқатты, бай-қуатты адамдар ғана қолдана алған. Яғни тарихи жәдігерге қарап, қайтыс болған адамның жоғары дәрежелі қызметте болғанын білуге болады. Айнаның пішіні дөңгелек, ортасында жіп өткізуге арналған тесігі бар, ал беткі жағы 8 аркалы келген. Бұған дейін осыған ұқсас айналар Кушан империясының орталығы - Ауғанстан аумағындағы Тилля тепе қалашығынан және оңтүстік Оралдағы сармат патш…

0
0
391

Qazaq Air-ді вьетнамдық компания сатып алып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Qazaq Air-ді шетелдік компанияның жекешелендіріп алатыны осы жиында белгілі болды. Фото: kzavia.comМемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді.Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді."Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем…

0
0
600

Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео)

Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді.

undefined

Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр.

Ибрагим Раисидің денесі Мешхедтегі Реза имам кесенесіне апарылды. Ол жерде президентпен Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хаменей қоштасады.

Бұған дейін қаралы шаралар Тебриз, Кум және Теһранда өтті.
Қоштасу рәсіміне 70-ке жуық елдің өкілдері барғаны айтылуда.

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов баратынын кеше хабарлағанбыз.     

Естеріңізге салсақ, Раиси мен оның серіктері 19 мамырда әуе апатынан қаза тапқан еді.

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді.

0
0
521

Жетісу облысының тұрғыны 285 млн теңгеден астам ақшаға жалған шот-фактуралар жасаған

Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған.
undefined
Фото: kaztag.kz

Оның бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі.

ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, тергеу барысында аталған азаматтың басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, соның салдарынан аса ірі көлемде залал келтіргені анықталған.
Сол келтірілген 285 млн теңгеден астам шығын толығымен өтелді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

0
0
505

Тоқаевтың Сингапурға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Сөйтіп, Сингапурда мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттар бекітілді:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет…

0
0
493

Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды (видео)

Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды.

undefined

Төбелестің видеосын жариялаған kerek.pv телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті.

Жараланған оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Сосын олар үйлеріне жіберілген.

«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері.  

Ал облыстың білім басқармасындағылар қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.  

0
0
535