Мазмұнға өту

Жаңа

Тоқаев Төрегелді Шармановтың қайтыс болуына байланысты оның жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасына жеделхат жолдады.Онда Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты."Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді…

0
0
518

Ақмола облысында жаз жақындағанда қар жауды

Бүгін Ақмола облысында қар жауып, соның салдарынан Астрахан ауданындағы Колутон станциясы мен Новочеркасское ауылы арасындағы автожол жабылды.
"25.05. таңертеңнен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, температураның -3-ке дейін төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық: «Екатеринбург - Алматы» 1080-1140 шақырым (Колутон станциясы - Новочеркасское ауылы)", - делінген https://t.me/qr_tjm хабарламасында.

0
0
948

Белгілі тағамтанушы Төрегелді Шарманов қайтыс болды

Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы әрі президенті, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Фото: kaznmu.edu.kzТөрегелді Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері. 1962-1968 жылдары - Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1968-1971 жылдары - Ақтөбе медицина институтының ректоры. 1971-1982 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі. 1973-1984 жылдары және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану а…

0
0
565

Алматы облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасын тауып жатыр

Бүгін Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласында абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды.

undefined

Облыс көлеміндегі ауқымды сенбіліктердің бірі Талғар ауданының «Қотырбұлақ» көлінің және «Ой-Қарағай» таулы курортында 200-ге жуық адамның қатысуымен өтті.

Жалпы қазіргі таңда Алматы облысының әкімдігі жыл соңына дейін “Таза Қазақстан” акциясының кешенді жоспары жасақталып, бекітілетін болады.

Бұл бір айлық науқан емес, жүйелі жұмысқа, облыс тұрғындарының экогологиялық мәдениетін артыратын негізгі бастама айналатын болады.

Жалпы, бүгінгі акцияға облыс бойынша 2 мыңнан астам адам үлес қосты.

undefined

0
0
694

Құлсарылықтарға қырылған малы үшін 120 млн теңгеден астам өтемақы берілді

Жылыой ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтінішті толығымен қанағаттандырды. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады. Қосшағыл ауылдық округінде орналасқан "Қарағай" шаруа қожалығының басшысы Айтуар Мырзағалиевтің айтуынша, су тасқыны кезінде оның екі жылқысы суға батып кеткен. Ол өтінішін жергілікті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жеткізген."Бізге бағалау комиссиясы келіп, барлық құжаттарды зерделеді. Біраз уақыттан кейін залалды бағалау нәтижелерін хабарлады. Біз келісім беріп, шотымызға өтемақымызды алдық", - деді Айтуар Мырзағалиев. "Еркінқалиева" ЖК шаруа қожалығында су тасқыны кезінде екі сиыр мен төрт қошқар суға батып кеткен. Залалдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрады. "Кәсіпкерлік жә…

0
0
606

БЖЗҚ еліміздегі ең бай зейнеткердің айына қанша алатынын айтты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) азаматтардың мамыр айына дейінгі зейнетақы жинағы туралы ақпаратты жария етті. Онда ең жоғары айлық төлем туралы да айтылған. Көрнекі фото: careerist.ru2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2024 жылғы 1 мамырға 18,3 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,6% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 599 млрд теңге (бір жылд…

0
0
511

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен шет елде ұсталған азамат елге әкелінді

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады. Ол 2017-2019 жылдар аралығында Алматыда салынып жатқан үйден пәтер береміндеген сылтаумен азаматтардың жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам мүлкін алдау жолымен иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.Өткен жылдың қараша айында күдікті Украина аумағында ұсталған.  Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша украиндық тарап күдіктіні елімізгеэкстрадициялау туралы шешім қабылдады.Айта кетері, былтыр Украинаның қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан-Украина өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шыққанына қарамастан, аталған…

0
0
533

Елде киік көбейді деген әңгіме қайтадан айтылып жатыр

Фото: azattyq.orgБатыс жақтан "Ойбай, киік қаптады! Шөпті жеп қойды! Малды қайда жаямыз?" деген байбалам тағы шықты! Бетпақта да кезінде киік саны үш миллионға жеткен. Ол кезде қойдың саны қазіргіден 5-6 есе көп еді. Өмірінің жартысына жуығын Бетпақта мал баққан қойшының бірінен "Бетпақтың аз шөбі сол кезде киік пен қойға қалай жеткен?" деп сұрадым. "Ақбөкен шөптің басын ғана үзіп жейді. Ал қой болсе, түбінен жейді. Оның үстіне киік малы шөпті таптап тастайтындай бір жерде жатып жайылмайды. 1-2 сағатта жүріп өтеді. "Қойға шөп қалдырмады" деген сөз өтірік!" деді. Бәсе, киік жыл он екі ай көшіп жүретін мал ғой! Тоқтар Жақаштың жазбасыАйта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 сәуірде Қостанай облысына жұмыс сапары барысында киіктің көбеюін тежейтін шешімнің күші жойылатынын мәлім…

0
0
546

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурда дәріс оқыды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапары барысында «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты тақырыпта дәріс оқыды. Бұл - 46-шы Сингапур лекциясы. Қазақстан Президенті жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.1980-жылдардан бері Юсоф Исхак институты (ISEAS) ұйымдастырып келе жатқан Сингапур лекциялары – академиялық топтар, саясаткерлер, дипломаттар мен жас ғалымдар үшін мемлекеттер басшылары мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткерлердің ұстанымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін алаң.Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, өзінің өмір жолында Сингапурдың айрықша мәні бар екенін ата…

0
0
468

Сингапурдың аға министрі Қазақстан Президентінің кітабын оқып шыққан

Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.Мемлекет басшысы Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.Президент бүгінгі 46-шы Сингапур лекциясында аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тақырыбы бойынша сөз сөйлеу зор мәртебе екенін жеткізді.Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін жән…

0
0
496