АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС
Биыл шомылу маусымына қарай жаңарған инфрақұрылымы бар, ыңғайлы көлігі қарастырылған, қауіпсіздік шаралары күшейтілген Алакөл туристерді қарсы алуға дайын, - деп хабарлайды Жетісуоблысы әкімінің баспасөз қызметі.Осы орайда назарларыңызға жаңа маусымның 10 басты игілігін ұсынамыз:Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны - небәры 20 000 теңге. Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың арқасында Үшарал қаласында ірі әуе кемелерін қабылдауға жағдай жасалған.Жазғы шомылу маусымына қарай қосымша пойыздар іске қосылды. Көлге 13 пойыз жүреді, оның ішінде Астана мен Алматыдан «Тальго» жүрдек пойызы да…
