Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Кеше болған тікұшақ апатынан Иран президенті мен сыртқы істер министрі қаза тапқан

Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді.

undefined

Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің сынықтары табылған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардың 60 тобы мен дрондар жұмылдырылды. Бірақ таулы жер мен қалың тұман бұл жұмысты қиындатып жіберді.

undefined

«Тікұшақ көрініп тұр. Оның жағдайы аса жақсы емес», - деді Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Артынан ол президент тікұшағында болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.

Кеше Ибрахим Раиси мінген әуе кемесінің жерге жайсыз қонғаны туралы жазғанбыз.

0
0
409

Осы тақырып бойынша