Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео)

Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді.

undefined

Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр.

Ибрагим Раисидің денесі Мешхедтегі Реза имам кесенесіне апарылды. Ол жерде президентпен Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хаменей қоштасады.

Бұған дейін қаралы шаралар Тебриз, Кум және Теһранда өтті.
Қоштасу рәсіміне 70-ке жуық елдің өкілдері барғаны айтылуда.

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов баратынын кеше хабарлағанбыз.     

Естеріңізге салсақ, Раиси мен оның серіктері 19 мамырда әуе апатынан қаза тапқан еді.

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді.

0
0
473

Осы тақырып бойынша

Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео) - Yvision.kz