Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Сәлем, 30!» Бүгін – Димаштың туған күні (видео)

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген бүгін 30 жасқа келді.

undefined

Фото: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

Бүгінде Димашты күллі әлем таниды, әндерін сүйіп тыңдайды. Ол арқылы әлем қазақты тани түсті. Ол арқылы қазақтың тіліне ғашық болған шетелдіктер көп қазір.

Димаш – әлем әншісі. Соған қарамастан ол өзінің қарапайым қалпын сақтап қалған. Бұл оның тамаша отбасында тәрбиленгенінен екені айдан анық.

Ол ең алдымен атасы Құдайберген мен әжесі Миуаздың тәрбиесін көрген. Ол кісілер балалары мен немерелеріне, тіпті күллі қазаққа үлкен өнеге көрсетті. Екеуі де әдемі қартайып, 2018 жылы отау құрғанына 50 жыл толуын дүркіретіп той жасап атап өтті.

Өкінішке қарай, Құдайберген Айтбаев былтар жазда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бірақ көңілге бір демеу нәрсе, ол немересінің осындай үлкен дәрежеге  жеткенін көріп кетті.

Димаштың әке-шешесінің де танымал әншілер екенін білесіздер. Ерлі-зайыпты Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева – өмірде де, өнерде де қол ұстасып бірге келе жатқан жандар. Олар да берекелі отбасының керемет үлгісіне айналып отыр.

Бүгін Димаш Instagram-дағы парақшасына Түркияның Стамбұл қаласында концерті өтетінін хабарлап, 30 жасына орай видео жариялады.

«Сәлем, 30!» – деп жазды ол.     


0
0
421

Осы тақырып бойынша

«Сәлем, 30!» Бүгін – Димаштың туған күні (видео) - Yvision.kz