Мазмұнға өту

Жаңа

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Фото: tolqyn.kzОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады. Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам…

0
0
381

Сингапур - сенімді серіктесіміз

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиынд…

0
0
378

БҚО тұрғыны терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен ұсталды

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

0
0
618

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары басталды

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

undefined

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

t.me/aqorda_resmi110:00

0
0
436

Су тасқыны қаупі төнген ауыл тұрғындары басқа елді мекенге эвакуацияланды (видео)

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады.

undefined

Қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде. Жағдай бақылауда.

Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілді.
Уақытша эвакуациялау пункті жергілікті мектепте орналасқан.

Сағат 04:00-дегі жағдай бойынша эвакуациялау пунктіне 154 адам орналастырылды, оның 96-сы балалар.

t.me/qr_tjm

0
0
434

Шымкентте соққыға жығылған профессор қайтыс болды

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры көз жұмды. 1967 жылғы ер адам ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда оқу орнының профессоры 5 күннен соң аурухана төсегінде жан тапсырды.Жедел жәрдем көлігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген пациентке жабық бас сүйек миының жарақаты диагнозы қойылған. Ес-түссіз болған науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер науқасты емдеуге барын салғанымен, оны аман алып қала алмады.Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.«Күдікті анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген полиция хабарламас…

0
0
619

Жұртты БАӘ-ден арзан телефон әкелемін деп алдаған азамат Әзербайжаннан экстрадицияланды

Алаяқтық жасады деген күдікті Әзербайжаннан елге әкелінді.Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзербайжаннан жеткізді.Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.Күдікті Астанадағы тергеу қапасына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол…

0
0
515

Президент ертең Сингапурға барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Сингапур Республикасында болады.

undefined

Фото: journal.tinkoff.ru

Қасым-Жомарт Тоқаевты сол елдің Президенті Тарман Шанмугаратнам шақырған.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
477

ДСМ балалар лагерлеріне қатысты ұсыныстары мен ескертулерін жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді.Фото: gov.kzАлдын алу шаралары. Биылғы жылы сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлерде гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әр лагерьде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы қарастырылған.         Әрбір лагерьге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, 163 лагерьде…

0
0
406

Қытайда үлкен су бөгеті бұзылды. Бізге қауіп бар ма?

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері Қытайда су бөгетінің бұзылғаны туралы хабарлады. Көрші ел тарапының мәліметі бойынша, олар трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жіберген.Қазір біздің мамандар қытайлық әріптестерімен үздіксіз байланыста отыр. "Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі секундына 1700 текше метр, судың деңгейі 543 см.Ағынды судың келуін ескере отырып, Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілуде", - дейді министрліктегілер.Осыған байланысты «Қазсушар» ШҚО филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген кестеге ауыстырылған. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 т…

0
0
415