Мазмұнға өту

Жаңа

Үндістанда балалар саябағы өртеніп, көп адам қаза тапты

Үндістанданың Раджкот қаласындағы балалар саябағында болған өрт салдарынан 28

адам қаза тапқаны айтылуда. Бұл сан әлі де өсе түсуі мүмкін.

Қаза тапқандардың көбі - балалар. Олар құрылғылар құлаған соң саябақтан шыға алмай қалған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл ойын-сауық саябағы заңсыз жұмыс істеп келіпті.

0
0
596

Астананы нөсер жауыннан кейін су басып қалды

Елордадағы Ұлы дала және Тұран көшелерінің қиылысы бүгін осындай болып тұр.

Бұл жерді түнгі нөсер жауыннан кейін су басып қалған. Сөйтіп, осы маң кәдімгі көлге айналды.

"Кейбір батылдар ғана көлігімен суды кешіп өтіп жатыр... Мына жағдайға қарағанда, астаналықтарға жақында машинасының жүксалғышына үрмелі қайық салып алуға тура келетін сияқты", - деп жазды t.me/sputnikKZ

0
0
509

Бұл – қастандық: бозбала бойжеткенді пышақтап кетті

Кейбір мәлімет бойынша, қыз – Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

undefined

Фото: egemen.kz

Астана қаласы Есіл ауданының полициясы 18 жасар қызға қастандық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Кәмелет жасына толмаған күдікті құрықталып, уақытша ұстау қапасына қамалған. Қажетті сараптамалар белгіленген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жариялауға жатпайды.

Пышақталған қыз қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.

0
0
396

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының әруағын қорлаған блогерді сотта жеңді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді марқұм қарындасының ар-намысы мен абыройын қорғауға қатысты сотта жеңіп шықты.Сотқа блогер Антон Бударов тартылған. Бұл жайында осы істе шағым берушінің адвокаты болған Дамир Ишмәметов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.«Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен қатар көптеген хейтерлер пайда болды. Олар Салтанаттың атына ғайбат сөздер айтуға асқан құштарлық танытып жатты. Сондай хейтерлердің бірі блогер Бударов Антон еді. Ол қиялы жеткен жерге дейін (Салтанатқа – ред.) қара күйе жағып бақты. Әрине, өлген адамды масқаралау азғынның ғана қолынан келсе керек. Ондайларды ағасы заң жүзінде жауап беруге мәжбүр етеді!» – деп жазды адвокат.Ал Антон Бударов Instagram-да: «Иә, мен Бишімбаевтың әйелі қорлық көріп, құрбан болды деп есептемеймін. Ол – кәдімгі…

0
0
1741

Түркістан облысында қар жауды

Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті.

Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты.

Бұл бейнежазба Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылының тұсында түсірілген.

"Бүгін - 2024 жылдың 25 мамыры", - дейді видео авторы.

Аталған облыста бүгін жаңбыр жауып, ол да қарға ұласуы мүмкін делініп отыр.

https://t.me/otyrarkz

0
0
362

Алматы облысында тауға шығамыз деп адасқан қыз бен жігіт құтқарылды

Жігіт Украина азаматы екен.

Алматы облысында осы түнде адасып, өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге көмек көрсету үшін құтқарушылар тауға қарай аттанды.

"Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Олар Лесная асуына қарай жаяу көтеріліп, қыз бен украиналық жігітті тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті", - деп жазады t.me/qr_tjm.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

0
0
847

47 бала ұсталған: Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес болды (видео)

undefined

Мектеп бітірушілер арасындағы бұл төбелес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл (бұрынғы Опорный) ауылында болған.

Жаппай жанжалға ондаған бала қатысқаны бейнежазбадан көрініп тұр. Олардың кейбірі тіпті тас лақтырып жатыр.

Полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растады.

Төбелеске қатысқан 47 бала полицияға жеткізіліп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай айтылмайды.

Ал мынау бейнероликті жаңаөзендік түлектер жасаған:

Lada.kz

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында түлектердің кортежіне қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылғанын жазғанбыз.

0
0
486

Алматыда кәріз қақпағын ұрлау мен арықтарды қоқысқа толтыру тыйылар емес

Қала коммуналшылары тұрғындардың арық пен кәріз құдықтарын неге толтырып тастайтынын айтып берді. «Алматы Су» МКК ақпараты бойынша, кәріз люктерін ұрлау қалада барлық жерде байқалады. Соңғы оқиға Шапағат шағын ауданда болды.  Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында 8 люк қақпағын орнатты, олардың бір бөлігі ұрланған және бүгінгі күнге дейін ұрлық жалғасуда. Мердігер люк қақпақтарын 25 мамырға дейін қалпына келтіреді.«Ұрлық қалалық инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі. Кәріз желілерін бітеп тастайтын қоқыс ашық құдықтарға түседі», - деп шағымданады «Алматы Су» МКК. Тасталған қоқыстардың ішінде: сынған термометрлер мен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, аэрозольдер, электронды құрылғылар, флуоресцентті шамдар, резеңке бұйымдар, жиһаз және…

0
0
2205

Алматы облысында түлектердің бір кортежіне қатысты 16 хаттама толтырылды

Алматы облысында көшеде жүріп бара жатқан кортеждегі көліктерден мектеп бітірушілердің басын шығарып алған видеосы тарады. Кортежде бес автокөлік болыпты. Олар машиналар нөпірімен кетіп бара жатып, жол ережесін өрескел бұзған. Басқа көліктерді орағытып өтіп, тіпті қарсы жолаққа шығып кетіп отырған. Полиция кортежде болғандардың бәрін анықтап, осы жағдайға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырды."Полиция Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылды.Қарсы бағытқа шығуы, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану талаптарын сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны және авариялық жағдай жасағаны үшін хаттамалар толтырылды.Көлік құралдарында жолаушыларды қауіп…

0
0
822

"Ата жолы" көші-қон картасына сұраныс көбейіп жатыр

Шет елдердегі этникалық қазақтар арасында "Ата жолы" миграциялық карталарына сұраныс артып келеді.

undefined

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Ата жолы" көші-қон картасы енгізілген болатын. Әзірге карта 55 адамға берілген. Оның 13-і қазір елге келді.

Жоба аясында тарихи Отанына оралғандармен Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсенова кездесті.

undefined

Жүздесу барысында қандастар жоба туралы пікірлерін айтып, елде атқарар жұмысының жоспарын таныстырды. Олардың арасында денсаулық сақтау, мұнай және газ, құрылыс, білім беру, ІТ саласының мамандары бар.

undefined

https://t.me/KZgovernment

0
0
435