Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алматы облысында тауға шығамыз деп адасқан қыз бен жігіт құтқарылды

Жігіт Украина азаматы екен.

Алматы облысында осы түнде адасып, өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге көмек көрсету үшін құтқарушылар тауға қарай аттанды.

"Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Олар Лесная асуына қарай жаяу көтеріліп, қыз бен украиналық жігітті тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті", - деп жазады t.me/qr_tjm.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

0
0
726

Осы тақырып бойынша