Мазмұнға өту

Жаңа

Өзбекстанда әйелдердің көлік айдауына тыйым салынған ба?

немесе таксидегі қызық оқиғаФото: profi196.ruЖаңбыр құйып тұрған соң, амал жоқ, такси шақырдым. 1 минутта келеді деген такси 10 минуттан соң келді. Үлгерермін деп үндемедім. Құйғытып олай жүрді, бұлай жүрді, Шумахер санай ма өзін, ұқпадым, аварияға өзі тіленіп жүргендей. Үндемедім. Бір кезде:- Ә, бәсе, қатын екен ғой, үйінде отырмай ма тамағын істеп, байы бағады ғой! - деп қойып қалды. Бұл жолы шыдамадым да:- Күйеуі жоқ шығар? - дедім. Ары қарай "әйел затынан ала алмай жүрген өшіңіз бар ма?" деп жалғастырмақ болғам, оған жеткізбеді: - Онда таксиге мінсін!- Мынадай таксиге қалай мінеді, жолаушыны сыйламайды, жүрісі қауіпті, сосын жаңа ол емес, сіз ереже бұздыңыз, негізгі жолдағы көлікті өткізіп жіберуіңіз керек еді, - дедім салмақты үнмен, өзімше сабыр сақтап. Ұялып қалды-ай, кәдімгідей Со…

0
0
450

Алматы облысында 40-қа жуық адам отырған автобус аударылып қалды

Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады.
undefined

Фото: t.me/qaz365kz
Оқыс оқиға бүгін сағат 10 жарымдар шамасында аталған ауданның Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында болған.
Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі бұрылыста жолдан шығып кеткен.

«Оқиға орнына дереу екі жедел жәрдем бригадасы барды. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», - делінген әкімдік хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауына алынған. Олардың жағдайы тұрақты.

0
0
454

Жаңаөзенде мектеп түлектері ұстазына пәтер сыйлады

undefined

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында балаларға 40 жылдан бері білім беріп келе жатқан Гүлнар Қарақойшиеваға мектепті 20 жыл бұрын бітірген шәкірттері үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Аса қымбат тосынсыйға қатты риза болған физика пәнінің мұғалімі қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

Жалпы, мектеп бітіргенінің "дөңгелек" санды мерзімін атап өтетін түлектер ұстазына, білім ошағына немесе туған ауылына есте қаларлықтай сый жасауға тырысады.

0
0
424

Үкімет: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы түсіп жатыр

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде. Фото: gov.kz Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады.Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) баға…

0
0
341

Әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды

Астанада сарапшылар әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулығының өзекті мәселелерін талқылады.ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда - ауыл тұрғындары.Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты.«Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие. Өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағы туралы айтып отыр…

0
0
362

Өзбекстандағы Ovoz жобасына қатысып жатқан қазақстандық туралы не білеміз?

Өзбекстандағы Ovoz (Дауыс) жобасына Қазақстан атынан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият қатысып жатыр.Ол Instagram-дағы парақшасында отандастарының өзіне қолдау білдіруін сұраған.«Егер Алла бойға талант нәсіп етсе, оны дамыту, шыңдау, дүйім жұртқа паш ету – ол да бір парыз деп білемін. Өзбекстан Республикасында өтіп жатқан халықаралық OVOZ The Voice жобасында Қазақстан атынан бақ сынап жатырмын. Бұл жерде Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Фарух Закиров, мәдениет және туризм минстрі Озадбек Назарбеков, танымал әнші Севара Назархан, Тохир Содиков сынды өнер майталмандарының (қазылар алқасы – ред.) берген бағасын көрдік. Дегенмен, әлі көп жұмыс істеуім керек. Сол үшін сіздердің қолдауларыңыз да өте қажет және маңызды…» – деп жазды Асқар.Ал енді бұл өнерпаз кім дегенге келсек, осы тұрғыда оның ө…

0
0
1173

Ұлытау облысында 3,7 млрд теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алу шарттары анықталды

Ұлытау облысының прокуратурасы осы жылдың басынан жалпы құны 3,7 млрд теңге болатын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.Фото: ryazan-expert.ruТалдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген.Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып,…

0
0
337

Алматы облысында жауын-шашынға қарамай тауға шығып кеткен 11 жасөспірім құтқарылды

Тауда басына тас тиіп жараланған бір туристке құтқарушылар көмектесті.

undefined
Құтқарушылар Алматы облысындағы Турист шыңында (3954 м) 11 жасөспірімді іздеп тапты.
Балалар кеше таңертең қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.

Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Олардың біріне құлаған тас тиген.

Жарақат алған жасөспірімге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тауып алды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
421

Қостанай облысында техника өртеніп кетті

Қостанай облысында өрт сөндірушілер алапат отпен арпалысты.

Аталған облыстың Қамысты ауылында қойма өртенген. Қоймада есептен шығарылған техника болыпты.
Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды.
Құтқарушылар өртті сөндірді. Қаза тапқандар жоқ.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр.

0
0
577