Мазмұнға өту
Обложка сообщества Маңғыстау облысы

47 бала ұсталған: Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес болды (видео)

undefined

Мектеп бітірушілер арасындағы бұл төбелес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл (бұрынғы Опорный) ауылында болған.

Жаппай жанжалға ондаған бала қатысқаны бейнежазбадан көрініп тұр. Олардың кейбірі тіпті тас лақтырып жатыр.

Полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растады.

Төбелеске қатысқан 47 бала полицияға жеткізіліп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай айтылмайды.

Ал мынау бейнероликті жаңаөзендік түлектер жасаған:

Lada.kz

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында түлектердің кортежіне қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылғанын жазғанбыз.

0
0
420

Осы тақырып бойынша

Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес... - Yvision.kz