Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

Батырхан Шүкеновті алматылықтар Республика Сарайы алдындағы «Абай» алаңында еске алады. Баспасөз мәліметіне сәйкес ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, музыкант Шүкеновтің туған күніне еске алу кеші өтеді. Ол 20:00-де басталмақ. Кеште ChickFlick тобы Батырхан әндерін орындайды. Сонымен бірге "Батыр: Live" фильм-концерт, әртістің, достары мен жақындарының сұр-сұхбаттары, сахна сыртындағы айтылған пікірлері мен Батырдың қысқаша түсініктемелері. "Кеш өтетін күні "Абай" алаңына келетін барлық қалалықтан автокөліктерді бірнеше орам ары қалдырып, өткізілетін орынға (КІМЕР аялдамасы) қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетуді өтініп сұраймыз. Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін "Арман" кинотеатрының жанындағы тұрақ пен Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады", - деп хабарлады б…

-3
0
1896

Соңғы хат...

Соңғы хат...Жігіт тым тентек болып өсті. Сондықтан да оқу нәтижесі де тым шіркін-ай емес еді. Ал бойжеткен тәрбиелі, ибалы. Оқуда өз қатарластарының алдын бермейтін озат болатын.Бірде әлгі жігіт бірнеше достарымен әзілдесіп отырып, группадағы қыздар жөнінде әңгіме бола қалды. Кілең желіккен жас жігітке не керек, ойын. Ойын болғанда қандай? Қыздардың жүрегін жаулау ойыны. Сонымен қызу әңгіме ішінде жігіт әлгі бойжеткеннің жүрегін жаулай алса, өзгелері келістіріп қонақ етуге келіседі. Қыздарды қолға қондыруда бірде-бір рет сәтсіздікке жолықпаған тәкаппар жігіт бірден келісіпті. Сонымен махаббат ойыны басталады. Өз нысанасын бекіткен жігіт қыздың телефонына күн сайын хат жолдауды бастайды. Алайда бұл жігіттің тұрақсыз, қыздармен тек ойын ретінде ғана махаббат байлайтын мінезін өзгелерден ест…

4
0
6757

«Қазақстан» РТРК Г.Головкиннің жақын арадағы екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығын иеленді

«Қазақстан» РТРК Г.Головкиннің осы жылдың ішінде жақын арада өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды. Геннадий Головкиннің американдық кіші Вилли Монромен өтетін жекпе-жегін «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден мамыр айының ортасында көрсететін болады. Бұл туралы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді. 17 мамыр күні таңертең «Қазақстан» телеарнасы 2015 жылғы басты күрестердің бірі – орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Г.Головкин мен орта салмақта «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жасар кіші В.Монромен күресін Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді. 17 мың адам сиятын Лос-Анджелестің (АҚШ) жаңартылған «The Forum» аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де «Қазақст…

2
0
366

Көптен куткен Жеңіс күні құтты болсын!

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Күткен күн" атты концерт-спектакль өтті. Ұлы Отан соғысының қайғысы мен қасіретін, мұңы мен мұқтажын, қуанышы мен жұбанышын көрерменнің көңіліне жеткізген: Айгүл Иманбаева, Нүркен Өтеуілов, Гүлжамал Қазақбаева, Қуандық Қыстықбаев, Роза Рымбаева, Есжан Хамидуллин және т.б. Концерт барысында әдеттегідей соғыс жылдарының әдеби туындылары және майдан әндері «Темная ночь», «Смуглянка», «Баллада о матери» және тағы басқа әндер орындалды. қайғыға толы - мөлдіріген ана көздері аңқыған сағыныш самалы еске алып, күрсіну бірге отырып, серігу әндету үміт отын тұтатып, болашаққа үңілу не болса да сүйе білу ауыр болсада, қиялға бір аттану ... ерлікті мадақтау Нұркен Әбдіров 1942 жылы Ростов облысы Вешенск ауданында өткен әуе…

3
0
2813

«Солақай» сорлатты (Құзға құлаған «Одной левой» киносы)

Poker face немесе алғашқы әсер; Пах, Полина және Нагиевтің нақылдары; Тоны теріске айналған ойдағы түсінік - енді бұл туралы... "Пәрмені" мықты Полина бүгінгі жұмыстың жүгін айтарлықтай жеңілдетті. Алдын ала көрсетілімге (предпоказ) шақырту алған соң, әрине, ісімді іркіліссіз іске асырдым, шама-шарқымша, түскі астан да нәр сызбай, компьютер алдынан іргемді аулақ салмай, оңқай асықтай ұшқырлық танытып, шаруамды шаруаладым, бір сөзбен айтқанда. Өйткені, бұл фильмді мен, шыны керек, күтумен болдым. "Трейлері ұнады" десееем...жалған болар. Жеме-жемге келгенде, Полина Гагарина үшін уақытымды қиып бардым. Әуелі, басынан шіритін балықтың қарекетінен сөз қозғайық. Армен Ананикян режиссер әрі сценаристі мен "Билет на Вегас" кинокартинасынан кейін тани бастадым. Әлгі айтқан фильм "аса қатты, қол ша…

3
0
900

Қалтафонымдағы жеті қазына

Қазір екінің бірінде емес, бір адамның өзінде екі телефоннан бар. Содан бауырмашылығымыз артып, байланысымыз көбейіп жатыр деуге тағы келмейді. Әйтеуір, байланыс құралына иеміз, әйтеуір қолдан түспейді, алақанды жылытады, зарядкадан босамайды) «Кезінде мына Айфоннан да қуаты аз құрылғымен адамды ғарышқа ұшырған еді, ал сендер, құрығырлар, онымен селфиге түсуден арыға жарамайсыңдар» деген сөз есіме түсіп кетті. Рас сөз. Менің 2000-шы жылдардың басында алған Intel Celeron компьютерімнің жадына 20 гб ақпарат сиятын. Ал қазір ұстап жүрген iPhone 5S-імнің 32 гб жадысы бар (оның өзін ауық-ауық толтырып тастаймын)... Дүние төңкерілді дегенге келе ме екен, осы? Жарайды, техникалық жағынан мінсіз телефонға иеміз. Енді оны расында қажетті, керекті, қызықты ететін қолданбалар (приложение) бар ма өзі…

7
1
1467

Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні

Ұзақ уақыт бойы шабытысыз жүрген пенденің де аяқ астынан әдебиет әлеміне қайтып келе алатынына көзім жетті. 5 жыл өлең шығармай, дәл Жаңа жыл қарсанында жазғаным өзімді де таң қалдырды. Сонымен, 2013 жылдан кішігірім естелік. Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні Әр қоршаған ортаның жаман жері: Жабық барлық адамдардың жүректері, Бір-біріне сенбеуден көз ашпайды, Жоғалуда имандылық тіректері. Бірақ жерді басып алған қараңғыда, Сөнбес жұлдыз - ашық жүрек адамдар! Білмесе де, бақыт сыйлар басқаға, Сұр қаздар арасында аққулар! Жанымда жүрер менің бес мың адам, Күндіз-түні қалыспаудан жалықпаған, Бірақ өзімді жалғыздықта сезінермін, Қасымда жан болмаса мен ансаған... Иісіңді сағындым, қайталанбас, Оны сезіп, шарапсыз болармын мас... Сенің сұлу келбетінді көруден, Көзімменен жүрегім ешбір талм…

9
0
2079

Әкетіп жатыр тағы ұрлап, күндерімді тіршілік «Аудио өлең, поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы – Александр Омельчук «Природа» Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы Әкетіп жатыр, тағы ұрлап, Күндерімді тіршілік. Қалайша қалам мен сақтап? Иманымды, басып жатса пендешілік. Мынау жаным жылайды, қайтейін, Тіршілікті ойлап жүргенде. Жаратқаным саған не деймін? Кешіре гөр, саған келгенде. Қалды ма жолда аманат, Жағдайды ойлап жүргенде. Ұрғанда ақырғы сағат, Не айтамын, саған келгенде. Жазалдым ба, көңілін біреудің, Шақырып алға, жарыққа. Жұбата алдым ба сенімін көңілдің, Сілтей алдым ба жолды бақытқа. Қиындық түссе басыма, Тастаймын ұмытып қаламды. Шүкіршілік етпей барыма, Толтырам басқаға санамды. Қорқамын Жаратқан өзіңнен, Қаламба үлгермей кеш қалып. Болмаса көмек с…

2
1
1129

Тіл мәселесі

«Анам берген туған тілім, Атам берген құран тілім» дегендей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, қадірлеу әрбір азаматтың парызы деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі осы мемлекеттік тіл мәселесі болып отыр. Кім не деп қандай ақыл айтса да шешілетін мәселе емес сияқты. Мемлекетіміз тәуелсіз, зайырлы болғандықтан әркім тек қана өз-өзіне бағынады. Сол себепті де әрбір адам ең алдымен өзінен бастап, кейін қоғам болып, соңында мемлекет болып шешуге болады деп ойлаймын. Бірақ бұл тағы да ертең-ақ шешіле қоятын оңай мәселе емес. Ол үшін белгілі бір уақыт керек. Бұл мәселені шешу үшін жоғарыда отырған ағаларымыздың да көмектері керек деп ойлаймын. Себебі олар ең алдымен өздерінен бастау алу керек сияқты. Олардың алға қойған жоспарларының барлығын қазақ тілінде жүзеге асыру керек де…

1
3
14466

Әнші Луина өзін кинопродюсер ретінде сынап көрмекші

Қазақстандық эстраданың ең жарық жұлдыздарының бірі әнші Луина өзінің шығармашылық қызметінің барлық құпияларымен бөлісті. Алайда, соншалықты қандай құпия дейсіз? Жас қыз отандық телевизияның барлық музыкалық жобаларына белсене қатысуда, ол көптеген фестивальдердің, шоулардың сыйлы қонағы, бір сөзбен айтқанда, ұдайы елдің алдында жүреді. Алайда әншінің айтуынша, мұның барлығы қарбалас жұмыс күндер. Ал арман-тілектері мен жоспарлары мүлде басқа. Ашық эксклюзивті сұхбатты Луина біздің басылымның тілшілеріне «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ән дария» жобасының сахна сыртында тұрып берді. - Луина, Сізді форматы ретро жобадан көрген қызық екен. - Иә, сізбен келісемін. Мен ретро дәуірдің адамы емеспін. Біз бұл мәселені «Ән дария» жобасының түсірушілерімен алдын ала талқыладық. Мен өзімнің, авторл…

1
0
415