Кәсіподақ бізде қандай күшке ие?
Өткен аптада басқасын білмедім, өзім үшін бір жаңалық аштым – мен кәсіподақ жайлы мүлдем білмейді екенмін. Оны кеңестік кезеңнің қайраңында қалған көненің сарқыншағы деп елестетіп жүр екенмін. Бірақ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бар, ертеңіне сол кәсіподақтар федерациясының сиезі бар – біраз нәрсеге көзім ашылып қайтты. Сонымен... бұл шаралар біздегі кәсіподақтардың 110 жылдығына арналыпты. Сонау 1905 жылы Ақмола уезіндегі Успен мыс кенішінің жұмысшылары алғашқылардың бірі болып кәсіподаққа бірігеді. 6 желтоқсанда өткен жиналыстарында 6 белсенді «Капитализммен күрес үшін бір-бірімізбен бірігу» деген себепті алға қояды. Алға оны қойып қоймай, алты талаптарын осы кеніштің иесі, Карко есімді французға тапсырады. Карко күледі…