Мазмұнға өту
Rauski

Rauan Shaniyazov

@Rauski

Сайтта 2015 ж. 5 сәуірКазахстан, Алматы

Я простой парень, который любит время от времени писать рассказы, философствовать=) играю на гитаре в свободное время, люблю фотографировать, читаю книги...

рейтинг

100

жазбалар

10

пікірлер

7

тіркелуші

3

жазылымдар

2

Ғашығыма хат

ХХІ ғасырда көп дүниені бір ғана ұялы телефон алмастырды. Бүгінгі тақырыпта хат жазу, оны осы ғасырда смс немесе ұялы телефондағы whatsapp, viber, Vk деген сияқты неше түрлі социалды желілер орын басты. Оп-оңай тіл қатысасың, жазған хатың бірден барады және бірден жауап келеді бәрі көз алдыңда. Қазіргі заманда кәдімгі ақ қағазға хат жазатын адамдар жоқтың қасы. Ақ қағазға хат жазудың өзі қиямет қой. Оны мың толғанып, ойыңды жеткізу үшін қаншама сөз таңдап, жүз рет жыртып, жүз рет қайта бастап жазасың. Ғашықтық хаты болса жазуын жазып алып, беруге жүрексінесің)), егер ол адам алыста болса одан келетін жауапты айлап, апталап күтесің олда бір ғажап сезімнің бірі ғой. Дәл осындай жүректі дірілдетіп, дүрсілдетіп бір хат жазып едім. Назар аударыңыздар! Студенттік өмірден бір үзінді... Ғашығыма…

0
0
29141

Жаныма жазылмас жара салған жігітім

Тоғжан Нұрғалиқызының новелласын назарларыңызға ұсынамын - Ол кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы еді, - деп бастады жиырма жасар бойжеткен әңгімесін... "І курсқа түскен кезімде (16 жасымда) жалғыз көшеде жүргенім үшін қала тыныштығын қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне тап болдым. Жап-жас жігіттер, жәутеңдеген көздерімді ескерген болар, бір жолға кешірім беріп үйге жеткізіп салды. Жол-жөнекей танысып бардық. Өздері менен 7-8 жасқа үлкен екен. Алайда сол күннен бастап солардың бірімен таныстығымыз жалғаса берді. Жиі кездесіп жүрдік. Басқа туыстарымның қарсылығына қарамастан ол туралы ата-анама айттым, сүйетінімді де жасырмадым. Кездескенімізге 6 айдан асқанда ол мені "асыл затымнан" айырды. Онымен қосылмас бұрын құрбыларым соңы жақсылыққа ұласпасын ескерткен ед…

0
0
1514

Соңғы хат...

Соңғы хат...Жігіт тым тентек болып өсті. Сондықтан да оқу нәтижесі де тым шіркін-ай емес еді. Ал бойжеткен тәрбиелі, ибалы. Оқуда өз қатарластарының алдын бермейтін озат болатын.Бірде әлгі жігіт бірнеше достарымен әзілдесіп отырып, группадағы қыздар жөнінде әңгіме бола қалды. Кілең желіккен жас жігітке не керек, ойын. Ойын болғанда қандай? Қыздардың жүрегін жаулау ойыны. Сонымен қызу әңгіме ішінде жігіт әлгі бойжеткеннің жүрегін жаулай алса, өзгелері келістіріп қонақ етуге келіседі. Қыздарды қолға қондыруда бірде-бір рет сәтсіздікке жолықпаған тәкаппар жігіт бірден келісіпті. Сонымен махаббат ойыны басталады. Өз нысанасын бекіткен жігіт қыздың телефонына күн сайын хат жолдауды бастайды. Алайда бұл жігіттің тұрақсыз, қыздармен тек ойын ретінде ғана махаббат байлайтын мінезін өзгелерден ест…

4
0
6749

«Өмір» кафесіндегі әңгіме.

Ащщы да болса ақиқат.... «Өмір» кафесіндегі әңгіме. - Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші. - Кешіріңіз, мырзам, тым кеш қой, жаңа ғана таусылған. - Онда қуаныштан әкел. - Ғафу етіңіз, таң атпай бітіп қалған. Бұрынғыдай-ақ жалғыздықтан әкелейін бе? - Керегі жоқ. Мен оны 5 жыл ішіп, қойып кеткем. Бүгін басқасын берші. Шаттық бар ма? - Бар. Бірақ аздап жалғандық қосыған. - Пәктік ше? - Бұл мәзірдің бірінші қатарында жазылғанымен, мұнда ешқашан болған емес! - Сезім ше? - Кеше ғана біреуін сатып алғандарға екеуін қосып берiп, зорға тауыстық. Өзіңіз білесіз, қазір сезім ештенкеге татымайды. Тым арзан. Оның үстіне бәріде сапасыз. Амалсыздан сауға ретінде солай өткіздік. - Жарайды, шынайы сүйіспеншілік берші. - Бұрын болған еді, қазір жоқ. Мұндай тәтті дүние әлемде тым аз. Естісем, оның өзін…

1
0
1219

Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не?

Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не? ...Махаббат - негізінде бітпейтін майдан. Ал майданда барлығына белгілі болғандай жеңіске жету үшін барлық айла-тәсілді пайдаланады. Сол майданда не бір түрлі жан қиярларды көресің. Өзінің махаббаты үшін бәріне де дайын болады. Әттең-ай, оны мына заманда түсініп жатқан кім бар?! Бір қызығы ол майдан бүткіл дүние жүзін шарпымайды, бар жоғы бірнеше адам арасында болады. Сол майданда өзінің қызу қандылығы мен қайтпастығымен көзге ерекше көрінетін жоғарғы шенді басты офицерлердің бірі - Генерал Жүрек. Жүректің ат қосшыларын айта кетпесем тағы болмайды. Төменгі шенді офицердің бірі -полковник Қиял және капитан Ой елегі. Олар Жүректің ажырамас достары, Жүректің жанынан шықпайтын сенімді және ол үшін жанқиярлар, оның оққағары сияқты. Олардың басқаруы…

3
2
1900