Мазмұнға өту
debater

Arman

@debater

Сайтта 2011 ж. 17 наурызКазахстан, Астана

Делюсь мыслями, наблюдениями и, временами, скромным творчеством.

рейтинг

250

жазбалар

19

пікірлер

208

тіркелуші

53

жазылымдар

79

Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні

Ұзақ уақыт бойы шабытысыз жүрген пенденің де аяқ астынан әдебиет әлеміне қайтып келе алатынына көзім жетті. 5 жыл өлең шығармай, дәл Жаңа жыл қарсанында жазғаным өзімді де таң қалдырды. Сонымен, 2013 жылдан кішігірім естелік. Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні Әр қоршаған ортаның жаман жері: Жабық барлық адамдардың жүректері, Бір-біріне сенбеуден көз ашпайды, Жоғалуда имандылық тіректері. Бірақ жерді басып алған қараңғыда, Сөнбес жұлдыз - ашық жүрек адамдар! Білмесе де, бақыт сыйлар басқаға, Сұр қаздар арасында аққулар! Жанымда жүрер менің бес мың адам, Күндіз-түні қалыспаудан жалықпаған, Бірақ өзімді жалғыздықта сезінермін, Қасымда жан болмаса мен ансаған... Иісіңді сағындым, қайталанбас, Оны сезіп, шарапсыз болармын мас... Сенің сұлу келбетінді көруден, Көзімменен жүрегім ешбір талм…

9
0
2067