Көптен куткен Жеңіс күні құтты болсын!
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Күткен күн" атты концерт-спектакль өтті.
Ұлы Отан соғысының қайғысы мен қасіретін, мұңы мен мұқтажын, қуанышы мен жұбанышын көрерменнің көңіліне жеткізген: Айгүл Иманбаева, Нүркен Өтеуілов, Гүлжамал Қазақбаева, Қуандық Қыстықбаев, Роза Рымбаева, Есжан Хамидуллин және т.б.



Концерт барысында әдеттегідей соғыс жылдарының әдеби туындылары және майдан әндері «Темная ночь», «Смуглянка», «Баллада о матери» және тағы басқа әндер орындалды.
қайғыға толы - мөлдіріген ана көздері

аңқыған сағыныш самалы

еске алып, күрсіну

бірге отырып, серігу

әндету

үміт отын тұтатып, болашаққа үңілу

не болса да сүйе білу

ауыр болсада, қиялға бір аттану

...




ерлікті мадақтау

Нұркен Әбдіров 1942 жылы Ростов облысы Вешенск ауданында өткен әуе ұрысында жанған ұшағын жау техникасының шоғырланған жеріне дәл бағыттап, ерлікпен қаза тапқан.
Мәлік Ғабдуллин атақты 8-ші гвардиялық дивизия сапында шайқасқан. Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін Батыр атағын алды.
Мәншүк Мәметова Невель қаласы үшін болған ұрыста ғажайып ерлік көрсетіп, қаза тапқан.
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы.
Әлия Молдағұлова жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.
Талғат Бигелдинов мінген ұшақты немістер «Қара ажал» деп атаған.
Қасым Қайсенов көрнекті жазушы, әйгілі партизан.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында жеке басының қаһармандығымен, ұрыс жүргізудегі шеберлігімен көзге түскен.




Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл!









P.S.: Көк фуражкасы бар, кеудесі медаль мен наградаларға толы ардагерлерімізді жай күні кездестірсек, осы күндері білдіріп жатқан сый-құрметімізді көрсетер ма едік?!
