Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Тіл мәселесі

«Анам берген туған тілім, Атам берген құран тілім»  дегендей, мемлекеттік тілімізді  құрметтеп, қадірлеу әрбір азаматтың  парызы деп  ойлаймын. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі осы мемлекеттік тіл мәселесі болып отыр. Кім не деп қандай ақыл айтса да шешілетін мәселе емес сияқты. Мемлекетіміз тәуелсіз, зайырлы  болғандықтан әркім тек қана өз-өзіне бағынады. Сол себепті де әрбір адам  ең алдымен өзінен бастап, кейін қоғам болып, соңында мемлекет болып шешуге болады деп ойлаймын. Бірақ бұл тағы да ертең-ақ шешіле қоятын оңай мәселе емес. Ол үшін белгілі бір уақыт керек. Бұл мәселені шешу үшін жоғарыда отырған ағаларымыздың да көмектері керек деп ойлаймын. Себебі олар ең алдымен өздерінен бастау алу керек сияқты. Олардың алға қойған жоспарларының барлығын қазақ тілінде жүзеге асыру керек деп ойлаймын. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан  бері көп ұлтты, бірлігі жарасқан елміз. Сол себепті де біздің менменшіл болмауымыз керек. Әрбір азамат өз ұлтының салт- дәстүрлерін сақтап, мемлекеттік тілінде сөйлеуге құқығы бар. Ондай жағдайда елбасымыз ешқандай шектеу қойған жоқ.Басқа ұлт өкілдерінің көбі өз тілін құрметтеп, мемлекеттік тілдерінде сөйлейді. Тек біздің қазақтарда еліктеушілік туып тұр. Жоғары буынды аға- апаларымыздың ішінде  ана тілінде сөйлмек түгел тіпті түсінбейтіндері де баршылығы алаңдатады. Оның бәріне кезіндегі совет үкіметінің кінәсі бар екенін бәріміз де білеміз. Сол кездері оларды зорлап оқытқаны белгілі. Бірақ ол жылдар келмеске кетті. Бәрін қалпына келтіре аларлықтай талай жылдар өтті.

Білім ордаларында да қазақ тілін оқытуды қолға алу керек сияқты. Ең қызығы жастар қазақ тілінен қарағанда ағылшын тілдерін тез әрі жетік меңгеріп алады. Ал қазақ тілін оқуда көбінесе қызығушылық таныта қоймайды. Мұның бір себебі  жас мамандарды жұмысқа қабылдаушы мекемелердің  көбі ағылшын тілдерін білуді талап етіп, мемлекеттік тілге аса мән бере қоймайды. Сол себепті де жарқын болашаққа ұмтылған жастарымыз келешегіне қолайлы бағытты таңдайды. Меніңше, мемлекеттік мекемелерде ғана емес сонымен қатар жеке меншік жұмыс орындарында да  ең алдымен сұранысқа ағылшын тілінен қарағанда мемлекеттік тіл ие болу керек. Ал білім  ордаларында заманға сай материалдық- техникалық базасы мықты болып, студенттерді қызықты тіл әлеміне жетектеу арқылы, қызығушылық тудыру  керек деп ойлаймын.

 

1
3
14461

Осы тақырып бойынша