Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні

Ұзақ уақыт бойы шабытысыз жүрген пенденің де аяқ астынан әдебиет әлеміне қайтып келе алатынына көзім жетті.

5 жыл өлең шығармай, дәл Жаңа жыл қарсанында жазғаным өзімді де таң қалдырды.

Сонымен, 2013 жылдан кішігірім естелік.

Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні

 

Әр қоршаған ортаның жаман жері:

Жабық барлық адамдардың жүректері,

Бір-біріне сенбеуден көз ашпайды,

Жоғалуда имандылық тіректері.

 

Бірақ жерді басып алған қараңғыда,

Сөнбес жұлдыз - ашық жүрек адамдар!

Білмесе де, бақыт сыйлар басқаға,

Сұр қаздар арасында аққулар!

 

Жанымда жүрер менің бес мың адам,

Күндіз-түні қалыспаудан жалықпаған,

Бірақ өзімді жалғыздықта сезінермін,

Қасымда жан болмаса мен ансаған...

 

Иісіңді сағындым, қайталанбас,

Оны сезіп, шарапсыз болармын мас...

Сенің сұлу келбетінді көруден,

Көзімменен жүрегім ешбір талмас.

 

Кезінде Мұқаң-аға дұрыс айтқан,

Бәрі де махабаттан бастау алған.

Қанша қызық айналаңда болса-дағы,

Сүйіктісіз әрбір күнің болар жалған.

 

Екібастұз, 30.12.2013 жыл

 

9
0
2070

Осы тақырып бойынша

Мені қоршаған орта немесе өмірдің мәні - Yvision.kz