қоғам дерті
Мен қала орталығындағы асханалардың бірінде жұмыс істеп жүргеніме бір жылдан аса уақыт өтті. Студент болғандықтан, әсіресе ақыла бөлімде оқитындықтан кішкене болсада күнделікті шығындарымды жабатын қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Асхана шағын болғандықтан көбінесе таксистер мен жанында орналасқан базардың жұмысшылары келіп тамақтанады. Асхана ішінде 2 ойын автоматтары орналасқан. Қазіргі тілмен айтқанда лохотрон. Осыдан бір жыл бұрын 2 түн қатарынан ұрылар кіріп, сол автоматтарды сындырып тынды. Енді міне, орнына жаңа жәшіктер келді. Келушілердің жартысынан көбі соның жанында шыбын сияқты таң атқаннан кешке дейін үймелеп жиналады. Соңғы кездері байқағаным кейбіреулері тек сол автоматтар үшін ғана кіреді. Бірінші жұмыстан шығып, екінші жұмыстарына келгендей. Бар тапқан таянғандарын сол…