Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Ауырып ем іздегенше...

Соңғы кезде блог тұғырында жазуға уақытым болмай жүргені рас. Оның себебі бітпейтін аурухана жыры. Бір дәрігерге қаралу үшін сағат 6 болмай тұрып, кезек күтіп тұруың керек. Одан бүкіл ауру адамдармен ұрысып жүріп әйтеуір дегенде терапевт дәрігерге жетесің. Ол дәрігерге кірсең ол анау-мынау анализдерге жолдама береді. Ертеңінде сол анализдерді тапсыру үшін тағы да ұйқыңды қиып ұзақ сонар кезекте, ата-апалармен қыстырысып, одан қалса екі қабат әйелдер де бар соларды өткізіп қан тапсыруға кіресің. Қарап отырсақ бір жерің қатты ауырса, солай ұзын сонар кезегіңді күтіп жүргенде өліп кетуің де ғажап емес. Бүгін УЗИ кабинетінің жанында асқазаны ауырыңқырап отырған қартқа көзім түсті. Ол кісі 3-4 адамнан кейін әрең дегенде кірді. Осыдан шығатын қорытынды Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінде н…

1
0
551

Кек алушылар тағы да бәрінің әкесін танытты

Ия, бұл сол баяғы Кек алушылар. Олар тағыда жиналып, әлемге төнген қауіптің бетін қайтарулары керек. Бірақ, бірінші фильм шықаннан бері көп уақыт өтті, көп нарсе өзгерді. Енді, әрбір кек алушының өзінің жеке фильмы, жеке тарихы мен жеке ғаламы бар. Бірінші фильмдегідей: мынау кім, бұл қайдан шықты, неге ол солай істеді, - деген сұрақтар мазаңызды алмайды. Егерде Марвел ғаламының фильмдерін узбей көріп-біліп журсеңіз, сізге бәріде тансық болып көрінбейді. Сондықтанда, екінші фильм көп ойланбай тез басталды. Бізді, бір мезетте оқиғаның қақ ортасына апарып тастай салды. Сөйтіп киноның бастапқы сценасы ормандағы атыс-шабыстан басталды. Кек алушылар сол бірінші фильмде жоғалған Локидың жезтаяғын алу үшін Гидраның құпия бөлімшесіне шабуылдайды. Әрине шабуыл өте әсерлі және жоғарғы деңгейде жаса…

10
2
2812

Тек алға..

Ешқашан ешкімді тыңдама. Өз пікірің болсын. Өз басың. Өз ойларың мен мақсаттарың. Өмірге деген жоспарлар. Ешкімнің артынан ерме. Тек алға қадам бас. Сен тек жақындарыңа керексің. Бұл - өмір. Ешкім саған бақытты өмір құрып бермейді. Көптеген адамдарды көре алмаушылық басқарады. Артыңнан не айтқандары маңызды емес, сен тек өз жолыңмен жүріп отыр. Олар айтқан, айтып жатыр және айтады да. Бұл сені еш алаңдатпауы керек! Жақсы көр. Жаса. Арманда...

2
1
936

Алматыда екі жаңа метро бекеті ашылды

Ашылуда Алматы әкімі Ахмтежан Есімов, бизнесмен Кеңес Ракишев, Ресей Федерациясының консулы және тағы басқа жоғары қызметтегі адамдар болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерін ашты. «Мәскеу» бекеті 11 метр тереңдігінде жатыр, Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысына шығады. Ішкі көрінісі Мәскеудегі «Қызыл алаңның» стилінде рәсімделген. Сонымен қатар, іште Кремль фотосуреттері бар. Айтпақшы, ендігі метро ұзындығы 11 километрден асады. Жолаушылар үшін жағымды жаңалық – бекеттердің ішінде 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейтін болады. Қазір күн сайын метрополитенді Оңтүстік астанамыздың 24 мың тұрғыны мен қонақтары пайдаланады. Бірте-бірте метро тұрғын аудандарына жетіп, ол әрине қаладағы көлік қысымын әлсіретеді. Өткен жылы метро қызметімен 6,5 млн адам…

-2
0
1857

1.3 Қолданылған әдебиеттер тізімін автоматты түрде құрау

Сәлем, қымбатты оқырман! Көптен көрінбей кеткенмін, кешірім сұраймын, жақында бір оқырманның алғысы көңілімді көтеріп. Менің постым біреуге көмек болған екен, әрі қарай тағы жазайын деп шабыттанып қалдым. Ендеше, бүгін сіздерге керемет компьютерлік бағдарламаларды көрсетемін. Ақылы бағдарлама: Endnote (http://endnote.com/) Ақысыз бағдарлама: Citavi (https://www.citavi.com/) Өз басым Citavi бағдарламасымен міне 2012 жылдан бері жұмыс істеудемін. Бұл бағдарлама арқылы қолданылған әдебиеттер тізімімен қатар, дәйексөзді мәтінде дұрыс қолдану түрлерін үйренесіз. Сонымен қатар, бағдарламаны бірлесіп дос-құрбылармен қолдана аласыңдар. Бұл бағдарламаны қолдану үшін кішкене ағылшын тілін білу қажет. Келесі қадамдарды жаса: 1. https://www.citavi.com/en/students.html сайтынан Downloads түймесіне бас…

4
5
3681

Бұл мені таң қалдырды

Ірі компанияның осындай қарапайым пунктуациялық қателікті жібергені мені таң қалдырды. Өзімнің оқушыларыма осы суретті көрсеткенде, барлығы да қатені тауып, дұрыс нұсқаны тапты. Оқушылар жеңді!

2
0
639

Қол жайғандар

Қазіргі таңда жүрек жарды мәселелердің бірі еліміздің көптеген азаматтары қаламыздың белгілі көшелеріндегі ғимараттардың әрбір бұрыштарында отырып қол жаюлары болып отыр. Бәлкім олар бұл жерде еріккендіктен отырған жоқ шығар. Бірақ сол азаматтардың ішінде он екі мүшесі сау, жұмысқа қабілетті сау адамдар да бар. Намысыңа тиеді. Дендері сау азаматтарға қарпайым қара жұмысқа болсын орналасып, тіршілікке қажет қаражатын табуы мүмкін ғой. Қол жаюшылар біздің қаламызда да толып жатыр. Тіпті қазір балаларды қоғамдық көліктерге жіберіп қалың жұрттың алдында шырқатып ән салғызуды да шығарып алғандар да баршылық. Өткенде Павлодар қаласының белгілі көшелерінің бірінен өтіп бара жатсам бір топ басқа ұлттың әйелдері жүр. Қастарында кішкентай 4-5 жасар қыз бала жүр. Әйелдерді дендері сау емес деп айта…

2
1
438

Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері

Наурыздың 31-нде iOS тұғырында қазақстандық "Айтыс" (iTys) мессенджері жүктеуге ашық болды. Жалпы басқа мессенджерлермен салыстырғанда еш өзгешілігі жоқ. Алайда қазақстандықтарға оның ұлттық нақыштағы келбеті мен қазақша пернетақтасы ұнайтыны белгілі. Тіркелу басқа мессенджерлерге ұқсас – телефон нөмірі арқылы өтеді, осындай терезе ашылады. Үстеме айфондар үшін тек кеше шықса да, Аndroid пайдаланушылары оны 2014 жылдың қарашасынан жүктей алатын. Даут Шайхисламов, жоба жетекшісі, үстеменің 150 мыңнан астам белсенді қолданушысы бар дейді. Тіркеуден өткеннен кейін біз баптау терезесін көреміз. Статусты өзгертуге, анкетаны редакциялауға, хабарландыруларды қосуға/өшіруге болады. Хабарламаларды жіберетін терезе өте қарапайым көрінеді. Хабарламалар бірден жіберіліп жатады, қолайсыз жері – хабарл…

-3
0
1835

Тағы да қар...

Көктем келген сияқты болып еді қазір қар басып тастады.Табиғат алай-дүлей боп жатқандай менің ішім де дәл сондай күй кешуде. Маңайда мені іздейтін жандар көп, бірақ маған керек адам мені біржола өмірінен сызып тастады. Дәл қазір көшеге шығып, ішімдегі мұңды шығарып алғым келіп отыр. Жауған аппақ қар, ішімдегі мұңнан арылтшы, қайтадан жанарыма күлкі үйірте білші.

7EJJ2dCb355WTMXDeuy2O6f8cRBSX4.jpg

2
1
619

Ой салған фотосурет

Бүгін әдетімше инстаграмды ақтарып отырсам,өзім шамалас құрбылардың бір шаңырақтың келіндері атанып жатқанын көрдім. Жүздері бал-бұл жайнап сүйген жігіттеріне қосылып жатыр. Маған осы сәтте үйдегілерімнің сен оқу оқу керексің, одан кейін барып жігіт те табылып жатар деген сөздері есімде. Ең соңында әйел адам барған жерін бақытты қылу керек қой. Сенің қанша білімің бар, сен қалай бітірдің оның бәрі отбасылық институт алдында соншама маңызы жоқ. Мақтанғанға жақсы-ақ, шіркін. Жас кезімде мұның байыбына барып жатпаппын. Ал енді карьера жасаймын деп жүрген қыз-келіншектерге айтарым: жұмыс, атақ, ол жай өмірдегі жетістік қана, ал өміріңе серік болар, қайғыңды бөлісер сенің балаларыңның әкесі болар адам ол баға жетпес шын асыл. P.S. Айтуға оңай, әрине, бірақ тағдыр ондай жанды жолықтырмаса өзіңн…

4
0
698