Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының жылдамдығы негізінен басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты...
2016 жылдың 10 маусымында Көкшетау қаласында, Ақмола Медиа Орталығында Бірінші институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы Ақмола облысы тұрғындарын ақпараттандыру жөніндегі брифинг өтті. Іс-шараның спикері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қ. Жапақов кездесуге жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне: «Мемлекет басшысы белгілеген «Ұлт Жоспары. Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүз нақты қадамды» орындау аясында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Меритократия, әдептілік, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік сияқты мемлекеттік қызметтің…