Жақсы ауданына жұмыс сапары
2016 жылдың 31 мамыры күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Жақсы ауданына барды.
Кездесу барысында аудан активімен кездесу өтті. Кездесуге Жасыл ауданының әкімі Қ. Сүйіндіков, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.
Қ. Жапақов ҚР мемлекеттік қызметінің реформасын, «100 нақты қадамның» Ақмола облысында жүзеге асырылуын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді.
Семинар аяқталған соң Департамент басшысы қатысушылардың кездесу барысында туындаған сұрақтарына жауап берді және сапалы мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасауына байланысты екенін атап өтті.
