Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының жылдамдығы негізінен басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты...

2016 жылдың 10 маусымында Көкшетау қаласында, Ақмола Медиа Орталығында Бірінші институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы Ақмола облысы тұрғындарын ақпараттандыру жөніндегі брифинг өтті.

Іс-шараның спикері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы  Қ. Жапақов кездесуге жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне: «Мемлекет басшысы белгілеген «Ұлт Жоспары. Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүз нақты қадамды» орындау аясында  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Меритократия, әдептілік, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік сияқты мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттары енгізілді. Мемлекеттік қызметшілер мәртебесінің мәселелері алғашқы рет заң шығарушылық деңгейде реттелді. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі  қарастырылған кезде оның өз еркі бойынша жұмыстан босатылу құқығы жойылды. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің түрі ретінде  мемлекеттік қызметшілердің қамтамасыз ету міндеті белгіленді», - деп  мәлімдеді.

Брифингті қорытындылай келе, Қ. Жапақов алға қойған мақсаттардың жүзеге асырылуы бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына қажетті жағдайларды туғызатынын атап өтті. Сондай-ақ, спикер «Өте көп нәрсе, ең бастысы – мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жылдамдығы басқарушылық шешімдердің дұрыс  қабылдануына байланысты, себебі, мемлекеттік қызмет –  еліміздің қарқынды дамуының салмақты құрамдас бөлігі болып табылады» - деп, сөзін қорытындылады.

Іс-шараға облыстың, аудандар мен Көкшетау қаласының электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

0
0
301

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының жылдамдығы негізінен басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты... - Yvision.kz