Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі аспектілері

2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен және Көкшетау қаласының прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму жөніндегі  министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде (Бұдан әрі – Департамент) «Реформа жағдайындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің мемлекекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңдардың қолданысына қатысты мәселелер, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу сындарлы сұхбат түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелге  15-тен астам адам қатысты.

0
0
2603

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі аспектілері - Yvision.kz