Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жарқайың ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мәселелері жөнінде актив өтті

2016 жылдың  31 мамыры күні Жарқайың аудандық әкімдігінің мәжіліс залында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мәселелері жөніндегі аудан активінің жұмысына қатысты.

Кездесуге Жарқайың ауданының әкімі А. Үйсімбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.

Қ. Жапақов өз сөзінде  мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше  назар аударды.

0
0
235

Осы тақырып бойынша

Жарқайың ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мәселелері жөнінде актив өтті - Yvision.kz