Сандықтау ауданының кадр қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Ағымдағы жылғы 16 мамырда Департамент Сандықтау ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметіне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.
Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, конкурстық рәсімдерді өткізу, тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ауыспалылық мәселелеріне ерекше назар аудару бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.


