Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік

2016 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Ақмола облысының Қорғаныс істері департаментінде  (Бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Шараның модераторы – Департаменттің басшысы Ж.М. Ережепов. Семинар-кеңестің жұмысына әскери қызметшілер, Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері мен  мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның практикалық қолданысы  талқыланды.                                       Баяндамашылар сыбайлас жемқорлықты болдырмау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне, бюджет қаражаттарының тиімсіз пайдалануына жол берген кейбір лауазымды тұлғалардың жұмысына тоқталды. Семинар барысында Қарулы күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру (алдын алу) жұмысының жандануының қажеттілігі атап өтілді. Департамент басшысы бюджет қаражаттарының сапасы мен уақытылы игерілуіне, әрбір «тиыннның» тиімді жұмсалуына басшылардың жеке жауапкершілігін атап айтты. Модератор ақша қаражаттарының мөлшерден тыс жұмсалуына мақсаттан тыс шығындардың бір себебі ретінде  жол бермеу және Қорғаныс күштерінің қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдыратын жағдайларды   тудырмау үшін кадрлық шешімдерді уақытылы қабылдау керек екеніне де жиналғандардың назарын аударды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижесі ретінде  Қарулы күштерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, құқықтық сананың артуы мен жасалған қылмыскерлік үшін сөззсіз жазалану қағидаты  көрсетілуі қажет, -деп, баяндамашылар өз сөздерін қорытындылады.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар, Ақмола облысының  бүлдіршін жастағы балаларының сыбайлас жемқорлық туралы пікірлері туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Семинар-кеңес айшықты әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-кеңеске 50-ден астам адам қатысты.

0
0
1091

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік - Yvision.kz