Бұзушылықтың салдарын талқылағанша, оның алдын алған жөн
2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараның жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері М. Ахметқалиев қатысты.
Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың негізгі жолдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарын алдын алу саласында құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдер талқыланды.
М. Ахметқалиев өз сөзінде қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты. Баяндаманың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесуді қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.
Іс-шараға 22 адам қатысты.
