Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Студенттерге арналған Ашық есік күні

Мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2016 жылғы 30 мамырда Ақмола облысының Статистика департаментімен бірлесіп жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.

Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру мәселелері бойынша өз баяндамасында Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев хабарлады.

Іс-шара өткізу барысында Ақмола облысының Статистика департаментінің қызметкерлері студенттерге өз қызметі бойынша айтты. Өз баяндамаларымен жас мамандармен қатар, олардың мемлекеттік қызметтеріндегі ұстаздары сөз сөйледі.

Студенттердің барлық туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.

Ic-шарамен 32 астам адам қамтылды.

0
0
487

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштері» облыстық семинары өтті.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының деңгейін арттыру, «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани- адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту мақсатында 2016 жылғы 27 мамыр күні Красный Яр а., №3 агротехникалық колледжінде  директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштері»тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға  құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,мемлекеттік қызметшілер, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, тәрбиешілер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы                                  А. Амангелдина баяндама оқыды.  Баяндамашы ТжКБ ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптарды қосудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру және барлық құқық бұзушылық түрлеріне  «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын айтты, сондай-ақ, жиналғандардың назарын оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруге   аударды. Баяндаманың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

Қорытындылай келе, ТжКББұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің  критерийлері әзірленді, тәрбие жұмысын ұйымдастыру  және жүргізу жөнінде жағымды тәжірибе таратылды.

 

0
0
495

Кадр қызметтерімен диалог алаңы

2016 жылғы 27 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Аумақтық мемлекеттік қызметшілерді оқыту өңірлік орталығында біліктілікті арттыру курстарында оқитын персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы - мемлекеттік аппараттың мамандану құқықтық негізі» тақырыбында диалог алаңы форматында іс-шара өткізді.

Модератор ретінде Департамент басшысы Қ.Жапақов болды.

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қалыптасу және даму бойынша өз баяндамасында Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев хабарлады.

Іс-шара «ашық микрофон» түрінде салынды. Диалог қатысушылары мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың практикалық қолданыс бойынша қызықтыратын сұрақтарын қойды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар еңгізді. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Ic-шарамен 59-дан астам адам қамтылды.

0
0
553

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ісіндегі ынтымақтастық

2016 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігі Ақмола облысының  Әділет департаментінде  (Бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Шараның модераторы – Департаменттің кадр қызметінің басшысы Д. Ибраева. Семинар-кеңестің жұмысына Департаменттің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жас мемлекеттік қызметшілерді «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы ЖҚБ жұмысына қатысу барысында сыбайлас жемқұорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы  жүзеге асыру мәселелері, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 60-тан астам адам қатысты.

0
0
506

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына қалай орналасуға болады?

А корпусы  мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің маңызды элементі болып табылады. Бұл – стратегиялық шешім қабылдау мен оларды тікелей орындаудың арасындағы белсенді буын болып табылатын кәсіби кадрлық  мемлекеттік менеджерлер корпусы. А корпусының кадр резервіне мұқият іріктеуден өткен, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білген және мемлекеттік басқару жүйесінің өзіндік кадрлық арқауы ретінде қызмет ететін азаматтар барады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу ережелері Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен   бекітілген.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне үміткер азаматтарға арнайы біліктілік талаптары қойылады, олар:  білімі бойынша талаптарды;

2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын (тестілеуді өткен кезде анықталады), стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды (ҚР Президентінің жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  үміткермен әңгімелесу жүргізгенде анықтайды ) білуі бойынша талаптарды қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (Қазақстан Республикасы  Президентінің    2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен  бекітілген) сәйкес, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары  бірінші және екінші санатқа бөлінеді.

«А» корпусының бірінші санаттағы лауазымдары екі топқа бөлінеді, олар: бірінші санаттың бірінші тобы, бірінші санаттың үш кіші топтан тұратын екінші тобы. Екініш санат екі топқа бөлінеді.

Бірінші санаттың екінші тобы лауазымдардың функциялық бағыттарына және мемлекеттік басқарудың деңгейіне сәйкес кіші топтарға бөлінеді. Бірінші кіші топқа сараптамалық-талдамалық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.  Екінші кіші топқа орталық мемлекеттік органдардағы және олардың аумақтық органдарындағы ұйымдастырушылық-өкімдік, әкiмшiлiк-шаруашылық және бақылаушылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Үшінші кіші топқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-өкімдік және әкiмшiлiк-шаруашылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.

Санаттардың топтары бойынша лауазымдардың тізбесі келесі кестеде келтірілген:

Санат

Топ

Лауазымдар

1

1

Келесі лауазымдарды қамтиды: Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Кеңесі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнің аппарат басшылары; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары; Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы.

 

1

2

Бірінші кіші топ: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері; Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын қамтиды.

 

Екінші кіші топ: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары; орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;  Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары лауазымдарын қамтиды.

 

Үшінші кіші топ облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдарын қамтиды.

 

2

1

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары лауазымдарын қамтиды.

 

2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүшелері лауазымдарын қамтиды.

 

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарын атқару қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескеріле отырып, екі жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды: 1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау; 2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау; 3) кандидаттарды тесттен өткізу; 4) кандидаттармен әңгімелесу.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган интернет-ресурста және өзі айқындайтын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

6) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның ұсынымхаты (Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды);

7) өмірбаян;

8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан сотталғандығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

9) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

Уәкілетті орган кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, Заңның талаптарына сәйкестігін қарайды. Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша кандидаттарды тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тестілеуден оң нәтиже алған  үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Ұлттық комиссия қорытынды отырыста үміткерлерді «А» корпусының кадр резервіне қабылдау туралы шешім шығарады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

«А» корпусының мемлекеттік кадр резервіне іріктеуге қатысуға қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасына келуге (мекенжайы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 71-үй)  немесе  8(716 2) 25-29-62, 25-29-60 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р. Братаева

0
0
2273

Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумы өтті

2016 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.

Форумның мақсаттары мен міндеттері бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерді әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке кеңінен тартуға  бағытталған.

Осы іс-шараның шеңберінде форумға қатысушылардың баяндамалары тындалып,  кәсіпкерлердің қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. Мұндай қиындықтар аз еместігін, олардың әсіресе аудандағы бизнес-субъектілерде   көптеп шоғырланғанын  атап өткен жөн.

Іс-шараның модераторы – Департамент басшысы Қ. Жапақов  Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылау саласында уәкілетті орган ретінде басты міндеттерінің бірі болып кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары В. Геращенко  Ақмола облысындағы шағын және орта бизнестің өзекті проблемалары, әкімшілік кедергілердің азайтылуы туралы айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекеттік  қызмет көрсетудің ахуалымен   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы –  «ХҚКО»департаменті директорының орынбасары Б. Беккужинов таныстырды.

Форумның жұмысына Ақмола облысының өз ісін жаңа бастаған  кәсіпкерлері және  жетістікке қолдары жеткен кәсіпкерлер, барлығы 60 адам қатысты.

0
0
375

Ортақ мақсат – ортақ міндет

2016 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика  министрлігі Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Шараның модераторы – басқарма басшысының орынбасары  Н.П. Зозуля. Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жас мемлекеттік қызметшілерді «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы ЖҚБ жұмысына қатысу барысында сыбайлас жемқұорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы  жүзеге асыру мәселелері, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 40-тан астам адам қатысты.

0
0
448

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

«Целиноград ауданының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.Е. Ахметовке, бөлімнің бас мамандары Т.Н. Алексеева мен Г.С. Усеноваға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Целиноград ауданының мектептерінде оқушыларға тамақ ұйымдастыру бойынша қызмет жеткізушіні таңдау үшін конкурс өткізу кезінде кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне «Медеу» ЖК және «Утопергенова С.С.» ЖК құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшалардың талаптарын бұзды. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Қ.Е. Ахметовты, Т.Н. Алексееваны мен Г.С. Усенованы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы М.Б. Жаңабергеновке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетіп,  жеке меншігінде тұрғын үйлері бар тұлғаларға  тұрғын үйді алу үшін есепке тұрған кезінде мүдделерін қолдап, азаматтардың конституциялық құқықтарын, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібін сақтамай, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 11) тармақшалардың талаптарын бұзды. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес М.Б. Жаңабергеновті «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы                      Ю.Г. Трофимовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының    4) тармақшаның талаптарын бұзып, шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамай, кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару арқылы бюджеттік қаражатын игеруге негіз беретін (тиісті актілерде көрсетілген жұмыстардың жеке түрлеріне қол қою сәтіне орындалмаған) құжаттарға уақыттан бұрын қолын қойған. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Ю.Г. Трофимовты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

0
0
460

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру

2016 жылдың 23мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Көкшетау қаласындағы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментінде (Бұдан әрі – «Солтүстікқазжерқойнауы») «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараның модераторы – «Солтүстікқазжерқойнауы» басшысының орынбасары  А. Алагузова.

Семинар-кеңестің жұмысына Департаменттің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 15 адам қатысты.

0
0
438

Көкшетау қаласының ұстаздар қауымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

Ағымдағы жылдың 19 мамырында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақов №1 жалпы орта білім беру мектебінде                   №2 ОМ, №3ОМ, №6ОМ  жыне Көкшетау қ. «Таңдау» көпбейінді гимназиясының педагогикалық ұжымдарымен кездесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Қуаныш Асылбекұлы өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты.

Кездесуді қорытындылай келе, ұстаздар қауымы  қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.

Іс- шараға 150 адам қатысты.

0
0
576