Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмолалықтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің халық алдында есеп беру кездесуіне белсенді түрде қатысты

Заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар басшыларының Қоғамдық кеңестердің алдындағы есептері мемлекеттік билік органдарының ашықтық және есептілік институтының одан әрі қарай дамуының көрсеткіші болып табылады. 2016 жылдың 8 маусымында  11.00 сағатта, Ақмола облысы әкімі аппаратында бейне конференц байланыс арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.С. Донақовтың  (бұдан әрі – Министр) халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарына онлайн-режимде сұрақ қою мүмкіндігі берілді.Есеп беру кездесуінде Т.С. Донақов Министрліктің қызметі және ведомствоның алдыңғы уақытқа  жоспарланған іс-шаралары туралы баяндады, сонымен қатар, жұртшылықты толғандырған  барлық сұрақтарға жауап берді.Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің,  жергілікті және өкілді органдардың басшылары қатысты.Қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.Ағымдағы жылдың 25 мамырында, Қоғамдық кеңестің отырысында Министрдің ведомствоның қызметі жөніндегі есебі тыңдалғанын атап өткен жөн. Спикер өз баяндамасында Министрлік қызметінің  негізгі бағыттары бойынша атқарған  жұмыс туралы, еліміздегі мемлекеттік қызметтің ахуалы жайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдардың халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуінің сапасын бақылау жұмысы туралы айтты. Министр Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның бірінші бағыты аясында мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық моделіне көшу үшін мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың барысы мен жүзеге асыру нәтижелері туралы баяндады.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Ақмолалықтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің халық алдында есеп беру кездесуіне белсенді түрде қатысты - Yvision.kz