Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында азаматтардың жеке қабылдауы жүргізілді

Жүргізіліп отырған реформалар  туралы халықтың  пікіріне талдау жасау, түсіндіру жұмысының, соның ішінде тұрғындармен жеке кездесулер арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен  жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету шеңберінде  а.ж. 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақов Жақсы,  Есіл және Жарқайың аудандарында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Шара барысында Департамент басшылығы 17 адамды  қабылдады.

Азаматтар негізінен мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін санау,                      «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өңірлік деңгейде  жүзеге асырылуы,

тәлімгерлік  институты, мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жүгінді.

Қабылдауға келген азаматтардың барлық сұрақтарына толық, жан-жақты жауаптар берілді.

0
0
223

Осы тақырып бойынша