Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, М.А.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оқу құралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген. Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибе өзін ақтаған, сондықтан ол ХХІ ға…