Мазмұнға өту
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

Сайтта 2010 ж. 24 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

62

пікірлер

7

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Батыс Қазақстанда бүлікші бар ма?

Ресейдің қауіпсіздік қызметтері соңғы кездері Солтүстік Кавказда лаңкестік әрекетті жүзеге асырмақ болған бірнеше Қазақстан азаматын қолға түсіргенін ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Олар негізінен күнде бір жарылыс болып жататын Дағыстанда ұсталды. Мәскеу маңынан да лаңкестерге қақпан құрылып, жолдары кесіліпті. Бұл мәліметтерді әсіресе ресейлік ақпарат құралдары үлкен дабыра қылып, бояуын қалыңдата жазғанына қарап кезекті бір саясаи қойылым деген сарапшылар да бар. Қазіргі күні ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі, саяси және діни экстремизм секілді құбылыстар трансшекаралық сипатқа ие болып отыр. Ал біздің еліміз болса жанжалға толы өңірлерге тым жақын орналасқан. Сондықтан біздің елде лаңкестердің бой көрсетуін алдағы сасяи науқанмен байланыстыратындар да жоқ емес. Тұрақсыздық жайл…

0
2
642

Жұмағұловтың жауы жастар ма?

Жұмағұлов жеткен екен. Жетіскен екен. Білім министрін айтамыз. Жетіскені емей немене, жерден жеті қоян тапқандай жастарды жау көріп отыр. Парақорлар мен жемеңгерлердің жағасына жармаспаңдар, оларды өзім қорғаймын деп отыр. Естеріңізде болса жақында елімізде студент жастардың (ЖОО-дағы парақорлықтан әбден жалыққан) ұйымдастыруымен "Взяточник.инфо" деген сайт ашылғанын хабарлаған болатынбыз. 7-арнаның айтуынша, білім министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза сайттағы ақпараттың ешқайсысына сенбейтін көрінеді. Ол «Бұл тізімге әркім өзіне ұнамаған адамды кіргізе беретін болар» деп сенімсіздік танытыпты. Дегенмен, өзі осы сайтты жасаған жастармен кездесемін деген екен. Ал жастар министр жұртқа көз қылып өтірік айта салды, бізбен әлі кездескен жоқ, ондай ниеті де жоқ. Есесіне, қалай да амалын тауып сай…

0
1
719

Пах-пах, қандай ғажап иіс

Немесе мәтіндердің мәні неге қашты? Даусын құбылтқанның бәрі әншіге айналған заманда, әлгі әнсымағына екіжолды ұйқастырып өлең жаза салу бұйым болмай қалған. Біздің эстрада да  Шәмшінің шеберлігімен Мұқағалидың мықтылығын бір бойына тоғыстырған,«дара таланттар» пайда бола бастады. Әншіге ән табу керек, сол әнімен жан бағу керек болса, ақынға да нан табу керек. Ол да пенде. Ақынның нәсібі де, кәсібі де өлең. Тиісінше әннің әрін кіргізіп, атағын арттыратын да өлең. Сол өлеңнің бүгінгі халі қалай? Қазақ эстрадасы күн сайын түрленіп,жалт-жұлт еткен ағымның жетегінде жүр. Әндер мен сөздерді таңдап,талғап, қарап отыратын комиссияның бар екеніне күмән бар.«Кеңес заманындағыдай көркемдік кеңес болу керек еді ғой» деп көсемсиін десем, үйдегілердің айтуынша тәуелсіздік алғаннан кейін туылыппын…

0
0
1872

Қазақ болсаң бұл күнді ұмыт

Бiз қазақпыз ғашық болған Баянға,

Ей, жастарым, елiң үшiн аянба!

Fашық болсаң Валентин деп бәлсінбей,

Қалқаман мен Мамыр жайлы баянда!

Бiз қазақпыз ғашық болған Жiбекке,

Еңлiктi айт ынтық болған Кебекке,

Қазағымның өз тарихы тұрғанда,

Өзге ұлттың Валентинi керек пе?

(Агенттен алынды)


Ермек ҚАРАБАЛА.

0
1
543

Бәрі бірдей кемеңгер...

Соңғы кездері Алматы шаһары мен еліміздің өзге де қаларының көшелерінде мынадай мәтіндегі билбордтар толып кетті: «Елбасымыз – кемеңгер, Көші түзу, кемел ел». Қалай дегенмен алда сайлау келеді. Мұндай жарнамалық билбордтардың өзіне арналғанын қаламайтын үміткер жоқ шығар. Сайлауға қатысуға тілек білдірген үміткерлердің штабтары осы тектес ұрандардың қандайын ілер еді деген сұрақ бізді өте қызықтырды. Мүмкін осылай болар деген оймен әзіл-шыны аралас бірнеше нұсқасын ойластырдық. Сіздер де ойланып көріңіздер, құрметті оқырман. Болат Әбіловке арналған билбордта «Болат-Бутя – кемеңгер, Қалғандары - жемеңгер» Амантай қажы Асылбекке арналған билбордта «Амантай қажы кемеңгер, Байсыз қалам демеңдер» Мұсағали Дуамбековке арналған билбордта «Дуамбеков – кемеңгер, Кім екенін білмейді ел» Серікжан Мә…

0
2
827

Лениннің тәнінен түк қалмапты

Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Владимир Мединский Лениннің мүрдесін жер қойынына беру керек деген мәселені үнемі көтеріп жүр. Оның айтуынша, Қызыл алаңдағы мавзолейде жатқан «күн көсемнің» бальзамдалған тәнінің тоқсан пайыздан астамы жасанды заттар. Тәнінен түк қалмаған. Іріп-шіріп біткен. Мединскийдің ойынша, Лениннің мүрдесін бұдан әрі ұстау бюджетке де артық шығын, оның үстіне мүрденің идеологиялық артефакт ретіндегі құны қалмады, сондай-ақ мүрдені жер қойнына бермеу Лениннің туыстары мен коммунистік идеологияға адал адамдарға жасаған қиянат боылп табылады. Танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы Владимир Лавров та кесенедегі Ленин мен Сталиннің денелері туыстарына берілгені жөн дегенін bigtorrents.org хабарлады. Ғалым Қызыл алаңдағы некрополь ерте ме, кеш пе жойылатынына се…

0
0
626

Азиада үміттерді ақтады ма?

Азиада ақталды! Қазақстан өткізген тұңғыш ірі спорттық дода туралы енді өткен шақта әңгімелейміз. Құрлықтың 27 елі жүйріктерін қосқан Азияның кішігірім Олимпиадасында Қазақстан 32 алтын еншілеп, жалпы есептегі тізгінді өз қолына алды. Алғаш рет алау эстафетасы ұйымдастырылып, тұңғыш рет қос қалада өткен қысқы Азиада Азия ойындарының елу жылдығымен де тұспа - тұс келіпті. Ел спортшыларының 32 алтын жеңіп алғаны сөз жоқ, қуаныш. Жалпы жиынтығы 70 медальды өз жерімізде қалдырдық. Әйткенмен, бір жыл бұрынғы Олимпиада ойындарында бір күміске шамасы жеткен Қазақстанның құрлықтық додада қара үзіп кеткені бір жағынан таң қалдырады. Ванкувер Олимпиадасының қорытындысы бойынша бізден біршама биік тұрған Қытай, Корея және Жапония спортшыларының қолымызға су құюға жарамағаны қалай деген ой да жоқ еме…

0
3
866

Өмірден озды бір бұлбұл

1967 жылы КСРО халық әртісі атанған Роза Бағланова дүние салды. Роза Тәжібайқызы  Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде  жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты…

0
3
780

Ағажай

Ағажай... Алтайдың Ағажайы... Бар қазақтың бойын сағынышқа бөлейтін «Ағажай» әні жаңа сипатқа ие болды. Қытайда тұратын өнерпаз қандастарымыз Алтай аймағының әкімі Сабыр Айтжанұлының бастамасымен «Ағажай ән-би ариясы» атты театрландырылған тамаша қойылымды дүниеге әкелген. Ұйымдастырушы «Жаңа әуен» концерттік серіктестігінің директоры Ербосын Нұрмұханұлының айтуынша, бұл қойылымның бюджеті 1 млн. доллар болыпты. Қытай үкіметі мұншама қаржыны үлкен сеніммен бөлген екен. Өйткені, театрландырылған көріністің бас режиссері Қытайға танымал Күраш Ережеп деген ұйғыр азаматы еді. Ал, сценарийін жазған Қабыләлді Әбдолла деген қаламгер. Шынын айтқанда, Күраш Ережеп пен техникалық жұмыстармен айналысқан бірен-саран өзге ұлт өкілдерін айтпағанда өнерпаздар түгелдей қазақ азаматтары. Тек Алтай аймағы…

0
0
846

Жүрегіңізді 80 мың долларға сатасыз

Дүниеде сатылмайтын ештеме жоқ. Адам ағзасын мүшелеп сату да сауданың бір түріне айналғалы қашан. Соңғы жылдары бұл сауда қарқындап өсуде. Бәрі сатылады – бүйрек, бауыр, шауқат, тұқым жасушасы, жұлын, шаш, көз т.б. Бұрын бірін бірі пісіріп жейтін жабайы тайпалар өркениетке жеткен кезде осылай мүшелерін саудалайтын болған. Ашкөз адам... Адам ағзасының бөлшектеліп қызу саудалануы кедейшілікпен тікелей байланысты. Трансплантацияға әлемнің көптеген елдерінде тиым салынған. Алыпсатарлар заңмен қудаланады, түрмеге тоғытылады. Алайда, мол кіріс көзіне айналған кәсіп құлашын жая түсуде. Қазір Интернетте дене мүшелерін сататындары туралы хабарландыру толып тұр. Он екі мүшесі сау адамдар өз өзектерін жұлып береді. Мәселен, адамның бүйрегін қазір жасы мен жағдайына қарай 20-100 мың долларға саудалай…

0
0
584